Жан-жануарлар спутниктен бақыланады
ҚР АШМ министрі ұлттық парктердің насихатталуы мен жаңа технологиялардың енгізілуі туралы айтты.

Қатаң күзетілетін табиғи аумақтарға фототұзақтар орнату мен жануарлар әлемін спутниктік шамшырақтар қолдану арқылы мониторингілеудің жаңа технологиясы ендірілуде, деді Алматы облысы аграриилерімен болып өткен есептік кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.
«Бірқатар орталықтар және ҚР БҒМ зоология институтымен ғылыми әріптестік аясында жануарларды бақылауға арналған автоматты камералардың көмегімен «Көлсай көлдері», «Ақсу Жабағылы», «Алматы» ұлттық парктерінде қар барыстары суретке түсірілді. Алдағы уақытта фототұзақтар құру арқылы тау барыстарының мекен ету аймағы мен санын анықтау жұмыстарының аясы кеңейтіледі», - деп ойын жалғады ол.
Сонымен қатар, министр жан жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген жанашырлық ұстанымды насихаттау үшін «Қазақстан» РТРК мен бірлескен түрде «Мәлім және беймәлім Қазақстан» айдарымен аса қатаң қорғаудағы табиғи орындар туралы бейнефильмдер топтамасының көрсетіліп жатқанын жеткізді
«Ол фильмдерге Қарқаралы, Бұйратау, Бурабай, Ерейментау сынды ұлттық парктер мен Барсакелмес, Қорғалжын сынды қорықтар, Ырғыз-Торғай тәрізді табиғи резерваттар кірген. Осы бастамаға орай Комитеттің қолдауымен «Неизведанный Казахстан» айдарымен «СТВ» арнасында да түсірілмдер жүргізілуде, - деп түйіндеді А.Мырзахметов.
