Cыни тұрғыдан ойлау (critical thinking) сiздiң қолыңыздан келе ме?
Қайырлы күн, бiлiмге құмар жастар!
Егер Сiз iзденiмпаз, прогресшiл және динамикалық интроверт болсаңыз менiң блогыма дәл түстiңiз!
Бүгiнгi талқыға салынатын тақырып "сыни тұрғыдан ойлау" (critical thinking) болмақ. Бұл сөз тiркесiмен алғаш рет Ұлыбританияның Рединг Университетiнде оқып жүргенiмде таныстым. Мағынасына қарағанда, оқып шыққан мәлiметтi сынап, терiстеп шығу керек екен деп түсiнуге болады. Алайда, қателескен екенмiн, одан берi 2 жыл Британдық оқу жүйесi арқасында қисынды тұрғыдан ойлауды әбден жаттықтырып үлгердiм деп ойлаймын және сiздермен бөлiспекпiн. Осы жерде ескере кететiн жай, әрбiр Британдық оқу орыны сiзден қисынды тұрғыдан оқып, ойлай бiлудi талап ететiн болады. Сонымен қисынды ойлау дегенiмiз не?
1. Алған мәлiметiңiзге сұрақ қоя бiлуiңiз (Question assumptions). Оқыған ақпаратыңызға "неге?" және "қалай?" деген сұрақтар қойсаңыз болады. Қарапайым мысал: егер сiзге Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бiрi ең үздiк деген мәлiмет келсе, неге? қандай рейтинг бойынша? Түлектерiнiң жұмысқа тұру пайызын және басқа да әсер етушi факторларды қарап шығыңыз. Себебi, Университеттiң ортақ көрсеткiшi жоғары болса да, дәл сiздiң мамандығыңыз бойынша мықтылардың қатарында болмауы да мүмкiн. Өздерiңiзге белгiлi University of Oxford пен Cambridge Ұлыбритания университеттерi арасында топ жарып тұрса да, Инженерия мамандығы бойынша Imperial College of London көш бастап тұр.
2. Әр мәселеге, болған жағдайларға жан-жақты көзқараспен қарауыңыз (Adopt different perspectives). Университеттiк өмiрден мысал келтiрейiн: сiз өзiңiздiң жазба жұмысыңызда бiр терминге анықтама беруiңiз керек деп санайық, осы кезекте қисынды тұрғыда жазу үшiн, ең бiрiншi сол терминдi басқа ғалымдар қалай анықтағанын қарап шығасыз, бiр-бiрiмен салыстырып айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде екенiн анықтайсыз, келесi кезекте дәл сiздiң қарастырып отырған тақырып үшiн қайсысы қолайлы екенiн тауып, неге дәл сол анықтаманы таңдағаныңызды жазып шығасыз. Алғашқы алған жоғарғы бiлiмiм математиканың әсерi болар шамасы, маған қойылған әр сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беретiн мен, менеджмент саласында барлығы ақ пен қара болып бөлiнбей, сұр түстiң бар екенiн түсiндiм. Ойдың түйiнi, сiздiң ой әрдәйым дұрыс және қате болып бөлiнбейдi, дұрыс бұрыстығы басқа көптеген шарттарға байланысты болуы мүмкiн.
3. Мүмкiндiктердi көре бiлу (See potential) маңызды. Тағы да студенттiк өмiрден алынған мысалмен келтiрейiн. Әрбiр жазған жұмысыңыздың шектеулерi болады, сiз қарастырып отырған теория Қазақстанда кеңiнен қолданыс тапса да, басқа елде дәл солай сәттi өтпеуi де мүмкiн. Сондықтан, әдетте, жасаған зерттеулерiмiздiң соңына, келесi дәл сiз қарастырған тақырыпты зерттеушiге өз ұсыныстарыңызды "recommendations" пен зерттеу шектеулерiн "limitations" көрсетiп кеткенiңiз де қисынды тұрғыдан ойлау болып саналады.
Қайнар көз:
Baldoni, J. (2010). How leaders should think critically. Harvard Business Review.
Алып қосарларыңыз болса, мархабат!
