Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде болып өтті.

Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты қоғамдағы шиеленістің деңгейін төмендетуге әсер ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу, соның ішінде медиация институтын дамыту мен оны жан-жақты енгізу бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру болып табылады.

Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартудың, оларды шешудің баламалы түрлерін енгізудің, татуластыру рәсімдерін және медиацияны дамытудың маңыздылығын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта медиация институты қоғам арасында және кәсіби заңгерлер тарапынан қолдау тауып келеді. Осы жылдың 5 айы бойынша татуластыру рәсімдерімен шешілген істер былтырғы жылға қарағанда екі есеге жақын өсімді көрсетіп отыр (2016 жыл - 9 394, 2015 жыл - 5 347).

Сонымен қатар, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институтын қолдануды кеңейту үшін облыстық және оларға теңестірілген соттар мен әкімдіктер және қоғамдық ұйымдар арасында меморандумдарға қол қою жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осындай Меморандумдарға іс жүзінде барлық облыстық соттар мен әкімдіктер қол қойды. Оларда дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру, сәйкесінше медиа-жоспар қабылдау, елді-мекендерде медиация кабинеттерін ашу жұмыстарын жалғастыру, оның қызметіне отставкадағы судьяларды тарту, кәсіби емес медиаторлардың рөлін күшейту, медиаторларды даярлау бойынша семинар-тренингтер өткізу және тағы басқа іс-шаралар қарастырылған.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstan-halky-assambleyasy-men-kazakstan-respublikasy-zhogargy-sotynyn-zhanyndagy-departament

0
0
478

Алғашқы қадам...

Бәріне Сәлем!

Мен бұл сайтқа тіркелгеніме бір жылдың жүзі болып қалды. Осы уақыттың ішінде бұл сайтқа көп нәрселер жазып, өз ойыммен бөлісіп жүрдім. Білгеніммен бөлісіп, білмегенімді біліп жүрдім. Бірақ біршама уақыт кірмей кеттім. Қазір осы жазбаларды қайта жазғым келеді.

Ең алдымен өзімді таныстырып кетсем.

- Есімім (nickname) - ХанСа

-Мен 17 жастамын және мен студентпін

-Мен - тұйықпын. Мен - флегматикпін

-Таныстарым-көп, достарым - аз...

-Болашақта шет елге оқуға түскім келеді

-Қазір, ағылшын тілін және кәріс тілін үйренудемін. Қытай тілін де үйреніп қалуым мүмкін

-Маған түрлі тілдерді меңгерген, табиғатты фотоға түсірген, блог жазған, пианинода ойнаған, ән айтқан, дәмді тағамдар пісірген ұнайды

-Мен адамды жұбата алмаймын. Оның орнына оған мотивация болатындай нәрсе айтқан ұнайды

-Болашақта кім болатынымды әлі шешпедім. Бірақ шетел тілдеріне қатысты мамандыққа түскім келеді

- Жақсы жаққа қарай өзгергім келеді

-Ата-анама қиындық көрсеткім келмейді

- АЛЛА -ға Шүкір!

Бұл сайтқа қайта оралғандағы мақсатым - өзімнің қандай екенімді түсіну. Өз ойымды жазсам, кейін өзімнің қандай екенімді түсіну оңай болады деп ойлаймын. Менің парақшамның қандай бағытта жүретінін әлі білмеймін. Бірақ өзіме, мотивация, өмірге деген құлшынысты арттыратын посттар оқыған ұнайды. Ал сізге ше? Өз ойыңызды төменге жазып кетіңіз)

Болашақта мүмкін блогер болып кетермін, кім біледі?!

0
0
1713

Астанада кезексіз емханалар пайда болды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мен Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ерік Байжүнісов №5 қалалық емханада «Кезексіз емхана» имидждік жобасын жүзеге асыру шараларымен танысты.

Астанадағы алғашқы медициналық ұйымдардың бірінде кезекті электронды басқару жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік берді. Аталған емхана қаладағы 74 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін (күніне 500-ден астам қабылдау жүзезе асырылады) ірі емханалардың бірі болып табылады.

Емханада пациенттердің медициналық қызметкерлермен белсенді түрде араласуы үшін зал ұйымдастырылды. Мұнда паценттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын медициналық қызметкерлер арасынан тағайындалған бірнеше администраторлар қызмет көрсетеді.

Медициналық ұйымда тіркеу процедуралары өзгертілді – ХҚКО сияқты «кедергісіз» үлгіде жасалды. Мұнда пациенттер электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылып, емханаға тіркеліп, қажетті консультация ала алады. Сонымен қатар, дәрігерлік қабылдауға телефон және интернет арқылы (egov электрондық үкімет порталы) жазылу мүмкіндігі туындады.

Шұғыл жағдайдағы пациенттер үшін дәрігерлердің арнайы қабылдауы мен кіру есігі ұйымдастырылды. Балалар, жүкті әйелдер мен ересектер үшін жеке-жеке тіркеу орындары бар. Пациенттер ағымы 3 бағыт бойынша (шұғыл, жоспарлы, халықтың әлеуметтік-осал тобы) бөлінді. Пациенттердің дәрігерлерге алдын ала жазылуын енгізу пациенттің жеке уақытын жоспарлауға, олардың медициналық ұйымдарда өткізетін уақытын 1 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, анализдерді тапсыру кабинеттеріндегі кезекті азайту бойынша жұмыс реттелді, ол үшін жүкті әйелдер мен балалардың анализдерін аурулардың негізгі ағымынан бөлек қабылдау орындары жасалды.

Сонымен бірге, тегін дәрі-дәрмек рецептін алу жүйесі өзгертілді. Созылмалы аурулары бар диспансерлік пациенттер үшін 3 айлық мерзімге арналған рецептілер бір мерзімде берілетін болды, бұдан бұрын олар дәрігерге ай сайын қаралуы тиіс болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еліміздің барлық емханаларында ағымдағы жылдың басынан бастап «Кезексіз емхана» имидждік жобасын жүзеге асырып келеді. Аталған жоба аясында емханалардағы кезекті азайту мақсатында ересек азаматтарды профилактикалық тексеруден өткізу процедураларын жеңілдету қарастырылған. Сонымен қатар, диспансерлік ауруларға жеңілдетілген дәрі-дәрмек беру процедураларын оңтайландыру қарастырылған.

 
0
0
501

ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып, өңірлердегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу мәселелері, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің және Астана қаласы объектілерінің мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету; Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізудегі проблемалар мен оның келешегі туралы мәселелер қарастырылды.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыру жайында  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова баяндады.

Вице-министр аймақтарда 2016 жылға арналған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бейіндеу жоспары бекітілгенін, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бейіндеу шараларының сапасын бақылау мақсатында өңірлік БАҚ, ҮЕҰ, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен қоғамдық бақылау шаралары жүргізіліп отырғанын атап айтты.

ДСӘДМ мамандары кедергісіз орта құрудағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін саралады.

«Бүгінгі таңда 25,2 мың инфрақұрылым нысандарын паспорттау жүргізілді. Паспортталған нысандардың 17,6 мыңға жуығын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейіндеу қажет, оның 7 мың 664 нысаны мүгедектер қажеттілігіне сай бейінделді, бұл 43%-ды құрап отыр», - деп атап айтты Вице-министр.

Светлана Жақыпова ДСӘДМ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарып отырғанын хабарлады. Ағымдағы жылғы 6 айда халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 мың 156 мүгедекті, «Өрлеу» жобасының аясында 72 мүгедек адамды жұмысқа орналастыруға көмектесті.

«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерге квота берудің 2%-дан 4%-ға дейін сараланған үлгісі қолданылады. Сонымен бірге, арнайы жұмыс орындарын жасайтын жұмыс берушілер шығындарын субсидиялау тетіктері енгізілетін болады», - деп мәлімдеді Вице-министр.

Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары, Астана қаласы әкімдерінің орынбасарлары, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны құру бойынша қабылданған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі білім және ғылым Вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішевтің және «Намыс» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат  Иманәлиевтің баяндамаларында талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Үйлестіру кеңесінің құрамына республикалық және өңірлік мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

 
0
0
424

БҚО бойынша Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы тікелей эфирде

2016 жылдың 23 маусымда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі күні Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин «ТДК-42» телеарнасының «На чистату» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

 

0
0
331

Діни ақпараттың БАҚ-та жариялануындағы кейбір өзекті мәселелері

ХХІ ғасыр ақпарат пен технологияның қарыштап дамыған жаһандану дәуірі болғандықтан әлемдік кез келген жаңалықтар бұқаралық ақпарат құралдары (одан ары – БАҚ) арқылы үлкен жылдамдықпен тарау мүмкіндігіне ие.

Соңғы жылдар ішінде Сирия, Ирак, Йемен, Нигерия және т.б. елдердегі діни ахуалдың шиеленісе түсуі әлем назарын өзіне аударды. «Халифат» құрамыз деп ұрандаған Боко Харам, Хизб ут-Тахрир, Әл-Каида, ДАИШ (ад-Даулат ул-Исламийя фи ль-Ирак-и-уа аш-Шам – Ирак және Шам ислам мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымдарының лаңкес әрекеттері жайлы жаңалықтар кез келген ақпарат құралдарынан табылады.

Қолға түскен христиан дін өкілдері мен язидтік сенімді ұстанушы адамдардың, шетелдік журналистер, мемлекет қызметкерлерімен қатар, қарапайым халықтың өлім жазасына кесілуі, қыз-келіншектердің күңдікке сатылуы, осы оқиғалар салдарынан босқындар санының артуы күнделікті БАҚ-та жиі жариялануда.

Мұндай ақпараттар әлбетте исламофобия феноменін асқындыра түсері анық. Франция және Бельгия елдерінде орын алған террорлық әрекеттердің аталмыш ұйымға қатысы бар екендігі батыс азаматтарының бойында ислам дініне деген жеккөрушілік сезімді оятып, көпшілік санасында «ислам – зорлық-зомбылық діні» деген ойды қалыптастыра бастады. ДАИШ-ке қатысты жаңалықтар мен ақпараттардың көптігіне әлем назарының ауғаны соншалық, өзге дін өкілдері тарапынан орын алған лаңкестік әрекеттердің халықаралық және басқа да БАҚ беттерінде ақырын шетке ысырылғандығы байқалады. Мысалы, Мьянмадағы аз санды ислам дінін ұстанушы рохинья ұлтының жергілікті буддистер тарапынан бірнеше жыл қатарынан зардап шеккендігі және 2015 жылы мыңдаған мұсылманның тірідей өртке орануы жайлы ақпараттар БАҚ-та елеусіз қалдырылды.

Таяу Шығыс елдеріндегі соғыс отының тұтанып, асқына түсуінің себебі саяси мүдде негізінде жатқандығы саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері тарапынан айтылып та жүр. Саяси мүдденің діни ахуал жағдайының ушығуын жамылғы етіп отырғандығы әлемдік саясат алаңында үлкен ойынның жүріп жатқандығын аңғартуда.

Бүгінгі таңда алпауыт елдер қарулы қақтығыссыз-ақ ақпарат арқылы белгілі бір мүддені көздеген идеологияны насихаттап, кез келген мемлекет тұтастығына қауіп төндіре алады. Осы орайда ислам діні құндылықтарын бұрмалай отырып, «жиһад» (дін жолында соғыс) ошағын қалыптастыру, шетін көзқарастарды кеңінен насихаттап, тарату және жақтас адамдар тартып, олардан әскери топ құру үрдісі үлкен қарқынмен жүргізілуде.

Шетін көзқарасты ұстанған, өздерін «мұсылманбыз, Алла жолында күресудеміз» деген содырлар ең алдымен мұсылмандарға, яғни діндес бауырларына қарсы соғысып жатқандығы, мұндай әрекеттердің ислам дініне қайшы екендігі жайлы халықаралық БАҚ тарапынан тиісті деңгейде жазылып немесе айтылып жатқан жоқ. Орын алған оқиғалардың шынайылығы ашып түсіндірілмегендіктен және бір жақты көзқарас салдарынан көпшілік санасында бұрыс көзқарас пен ұстанымның қалыптасуы алға қойылған мәселенің оң шешім табуына емес, керісінше ары қарай ушыға түсеріне ықпал етуі мүмкін.

Кейбір дерек көздеріне жүгінсек, 2016 жылдың алғашқы тоқсаны ішінде шамамен 2200 діни ақпарат жарияланған екен. 2014 жылы дін тақырыбына қатысты 3650 ақпарат жарық көрсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 5071 санын көрсеткен. Демек, дін тақырыбындағы ақпараттар мен жаңалықтар топтамасының арта түсуі қоғамдағы дінге қатысты мәселелердің өзектілігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық, мемлекеттік, әлемдік көзқарасты қалыптастыруда БАҚ рөлінің жоғары екендігін аңғартуда.

Дегенмен, БАҚ өкілдері тарапынан жіберілген кейбір қателіктер мен олқылықтар халықтың діни ақпарат пен жаңалықтарды бұрыс түсініп, қоғамда резонанс қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» («Аltaynews.kz») деген тақырыптағы жаңалық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) тарапынан үлкен сын тудырған болатын. Мүфтият өз мәлімдемесінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады», - деп жауап берген болатын.

Тақырып атауларын бұрыс қою фактілері мұнымен шектелмей, «Насилие в Коране!!!» («Zona.kz»), «Мировой джихад планируется в 2017 году» («Диапазон», 19.08.2015), «Мұсылман-гей...» («Nur.kz», 21 іп.09.2015), «Иисус одобрил бы однополые браки» («Tengrinews.kz», 08.07.2015) «Ақтөбеде кәпірлерді қырып, халифат құруды армандағандар сотталды» («Nur.kz», 05.20.2016), «Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты» («Nur.kz», 17.20.2016), «Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді» («Nur.kz», 16.20.2016), «Mercedes мінген мас дін иесі полициядан қашқан» («Serke.org», 18.09.2015) секілді жаңалықтар топтамасынан көрініс тапқан.

Кейбір журналистер «жиһадшы», «шейіт» сынды термин сөздердің мағынасын жете түсінбей, орынсыз қолданып жатады. Мысалы, кейбір БАҚ беттерінен «Жанкешті жиһадшы мешітте өзін өзі жарып жіберді» деген тақырыпты кездестіруге болады. Шындығында, бейбіт адамдардың арасында өзін өзі жарып жіберуші адам – жиһадшы емес, ол нағыз қылмыскер, лаңкес.

Сол сияқты, «шейіт» деген терминнің мағынасы да ислам дінінде «өмірін дін жолына арнаған, Отанына қызмет етуші» дегенді білдіреді. Отанын қорғау жолында өз өмірін қиған адамды «шейіт» деуге болады. Ал кейбір журналистер өзін және басқа бейбіт халықты қасақана өлімге қиған адамдарды шейіт деп жүр.

Қазақ журналистері ғана емес, халықаралық журналистикада да «исламшы» деген терминнің құлаққа сіңісті болғаны белгілі. Мәселен, «исламшы лаңкес», «исламшы экстремист» сынды тіркестер.

Сонымен қатар ақпаратты безендіру барысында техникалық кемшіліктердің жіберілмеуі де назарға алынуы тиіс. Мысалы, «Мечетям Казахстана рекомендовали заключать брак только после ЗАГСа» («tengrinews.kz») деген ақпаратта бетін қара орамалмен бүркеген қыздың суреті қойылған. ҚМДБ-ның заңсыз некенің, қазір көп айтылып жүрген «талақ» мәселесінің дұрыс шешімін табу үшін жасаған жақсы бастамаларының бірі халыққа осындай әдіспен жеткізілген.

Аталмыш ғаламтор сайтында «Имамы морально готовят выпускников к сдаче ЕНТ в Актобе» деген атаумен жарияланған ақпараттың безендіруінен «суицид» деген сөзді көруге болады. Мұндай суретті қою барысында оқырман түсінігіне психологиялық тұрғыда кері әсер етуі мүмкін екендігі ескерілмеген. Санамалай берсек мұндай ақпараттар легі тізбектеліп кете береді.

БАҚ-та жарияланатын ақпараттарда жай көзге қарапайым көрінетін қателіктер халық арасындағы діни сауаттылық деңгейін көтеруден бұрын, діни білімі төмен оқырманның ойын шатастырып, бұрыс көзқарастарды қалыптастыруы әбден мүмкін.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті жанынан Әдістемелік кеңес құрылған болатын. Әдістемелік кеңес отырысы барысында:

– журналистер қауымының тақырыптар атауын дұрыс қоя білуі;

– діни термин сөздер мен ұғымдарды дұрыс қолдану;

– ақпараттың нақтылығы мен шынайылығына көз жеткізу;

– діни ақпараттар мен жаңалықтардың сапалы жазылуы мен халыққа сапалы түрде жеткізілуін ескеру сынды мәселелер үнемі талқылануда.

Ал жоғарыда аталған кейбір олқылықтар діни емес БАҚ-та орын алуда. Сонымен қатар кейбір блогерлердің зайырлы бағыттағы басылымдарда қызмет еткендерімен, әлеуметтік желілер мен өзге де ғаламтор беттерінде ислам дінін уағыздайтындығы байқалады. Зайырлы басылым журналистері елдегі діни ахуалға жан-жақты талдау жасап, халыққа дін саласындағы өзекті мәселелерді дұрыс жеткізе білсе құба-құп болар еді.

Бүгінгі таңда отандық журналистика саласында діни бағытты ұстанатын «Иман», «Ислам және өркениет», «Шапағат-нұр», «Рахмет самалы», «Нұр» сынды басылымдар мен «islam.kz», «muslim.kz»,  «muftyat.kz» ғаламтор сайттарының қалыптасқандығын көреміз. Республикамыздың барлық аймақтарында ҚМДБ-ға қарасты облыстық немесе аймақтық деңгейдегі діни сайттар қызмет етуде.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында діни және зайырлы көзқарас пен тақырыпты ұштастыра білген «Иман айнасы» бағдарламасы, «Асыл арна» телеарнасы қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар «Көкжиек», «Хикмет», «Мұсылман», «Ғибрат», «Кәусар-саяхат» мұсылман баспалары тарапынан бірқатар діни әдебиеттер шығарылуда. Осы орайда кейбір баспалардың белгілі бір діни көзқарастар мен ұстанымдарға негізделгендіктерін ескерген жөн.

Халықаралық және отандық БАҚ-тар арасында ақпарат алмасу әрекеттерінің сөзсіз орын алатындығы белгілі. Дегенмен, отандық БАҚ-тың егемен еліміздегі татулық пен бірлікті, ынтымақ пен тұрақтылықты жан-жақты насихаттаудағы рөлінің жоғары екендігін, журналистер қауымы арқылы қоғамдық пікір, талғам, көзқарас қалыптасатындығы ескеріле отырып, ақпараттарды, әсіресе діни ақпараттарды таратуда бірқатар мәселелер негізге алынуы тиіс.

Әлеуеті мықты бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі күні әлемде қалыптасып отырған ахуалдың, соның ішінде діни ахуалдың күрделене түсуін назарға ала отырып, көпшілік қауымға діни ақпараттар мен жаңалықтарды дұрыс жеткізе білулері үшін дінтанушы-сарапшы штатын ашса деген ойдамыз.

Отандық ақпарат құралдарының бірқатары шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасайтындығы қалыпты құбылыс. Дегенмен, діни ахуалға қатысты кейбір шетелдік ақпараттар мен жаңалықтар бір қарағанда бейтарап көрінгенімен, теріс діни идеология мен саяси мүддені көздейтіні байқалады.  Осы орайда дінтанушы-сарапшы мамандардың көмегі қажет деп білеміз.

 

Алмурзаева Бибігул Нұрлыбайқызы, ҚР МСМ ҒЗТО Исламды зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері

 
0
0
3033

Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері

2016 жылдың 28 маусым күні «БҚО бойынша Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері» атты семинар-тренинг өтті.

Шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілер мен журналисттер  қатысты.

Семинар-тренингте белгілі интернет жүргізушілер Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік желіні дамыту бойынша шеберліктерін көрсетті.

   

0
0
960

Т. Дүйсенова халық алдында ҚР ДСӘДМ жұмысы бойынша есеп берді

Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСӘДМ басшысы азаматтарға министрліктің медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, қаржы, әділет, энергетика, қорғаныс, білім және ғылым, ауылшаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенованың халық алдындағы есептік кездесуіне ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау саласы палатасы, кәсіби бірлестіктер, Медициналық қызметкерлер кәсіподағы, ҮЕҰ, ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері және ҚР ДСӘДМ ардагерлері келді. Видеоконференция режимінде денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларының, ҚР ДСӘДМ комитеттерінің аймақтық департаменттерінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.

Сөз басында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылы Елбасы айқындаған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамды» жүзеге асыру шараларының заңнамалық және институционалдық негіздері құрылғанын еске салды.

Ұлт жоспарына сәйкес, 2015 жылы жаңа Еңбек кодексі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы, атаулы әлеуметтік көмекті жаңа форматта көрсету туралы, халықтың көші-қон мәселелерін реттеудегі жаңа тәсілдер туралы заңдар қабылданды. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнама әзірленді. Барлық құжаттар бір жағынан, халықты әлеуметтік қолдаудың кешенді және атаулы жүйесін құруға, екінші жағынан, еліміздегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталды.

Сонымен қатар, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды. Оның негізгі нәтижелері өмір сүру ұзықтығының ұлғаюы, жалпы өлім көрсеткішінің, оның ішінде ана және сәби өлімінің азаюы болды.

Биылғы жылы ҚР ДСӘДМ ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жасады. Оны Елбасы ағымдағы жылғы 15 қаңтарда бекітті. Бұл құжат алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы әрі денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердің әрі қарай толықтырылуы болып табылады.

Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің,  Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады. Оның негізгі қызметі - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау; профилактикалық шараларды өткізу; халықтың хабардарлығын арттыру және т.б.

Балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицина білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілетін болады. Тиісті нормативтік- құқықтық актілер дайындалды. Дайындалған сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды қарастырады: балаларды профилактикалық тексеру мамандар бригадасын шығару арқылы білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады; оқу кезеңі мен демалыс уақытында сауықтыру шараларын ұйымдастыру; мектептерде мүсін мен көрудің бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, «функционалдық» тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану және т.б. сияқты денсаулық сақтау технологияларын енгізу.

Қаңтар-наурыз айларының аралығында профилактикалық тексерумен 2,6 млн. оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 97,9%-ы қамтылды. Аурудың алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 305,8 мың (11,4%) оқушы тіркелді.

Келесі жылы мектептегі медицинаны дамыту шаралары аясында бюджеттен 5,9 млрд. теңге қарастырылған.

Ауруларды ерте кезеңде анықтауға ерекше көңіл бөлінетін болады. ДДСҰ сарапшыларымен бірге Ұлттық скринингтік бағдарламаның тиімділігі анықталды. Нәтижесінде жас бойынша мақсатты топтың құрамы мен скринингті өткізу жиілігін қайта қарау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар,  ауруды ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша медқызметкерлерді оқыту ұйымдастырылып, скринингтік тексеруден өткен азаматтарды бақылау мен есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылады.

Сонымен бірге, ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілмек. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады.

Сонымен бірге, диспансерлік есепте тұрған ауруларға жеңілдігі бар дәрілік заттарды беру процедураларын оңайландыру қарастырылуда. Дәрігерлер жеңілдігі бар дәрілер рецептін созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұратын пациенттер үшін тоқсанына бір рет, қымбат дәрілер алатын ауыр түрдегі сырқаттанғандар үшін ай сайын жазып беретін болады. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептер негізінде сәйкес дәрілік заттарды беріп, олардың есебін жүргізеді. Ресцептерді келісімдерден өткізу  автоматты тәртіпте «ИСЛО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Оны апробациялау ағымдағы жылғы шілдеден бастап Астанада жүргізілмек.

Министр «Денсаулық» Мембағдарламасының басты бағыттарының бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын (әрі қарай - АББ) айтты.

Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап пилоттық тәртіпте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 7 емханасында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға қатысушылар саны 1,2 мыңнан астам адамды құрады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.

Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады. 2018 жылдан  бастап АББ еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетін болады.

Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Жол картасын жасағанын хабарлады..

Аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады.

Жол картасын жүзеге асыру шараларының аясында 5 үйлестіру кеңесі құрылып, оларға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды. Медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар дайындалды: медициналық көмек көрсету медициналық қызметкерлері барлық деңгейінің біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылды; емдеу стандарттарын қайта қарау бойынша, емханалық хаттамалар мен процестердің алгоритмін жетілдіру жөнінде, пациенттердің қозғалыс маршруты бойынша жұмыс басталды және т.б.

Жедел медициналық көмек көрсетудің екі сатылы біріктірілген үлгісін құру жоспарланып отыр. Бірінші жергілікті деңгейде жедел көмек пен санавиацияның бірыңғай қызметі құрылады. Оған облыстың санавиациясы, ауданның, қала мен ауылдық жерлердегі жедел көмек стансалары кіреді. Екінші – республикалық деңгейде қызмет құрамына санавиация, автоматтандырылған GPS жүйесі мен телемедицинасы бар жедел көмек қызметінің бірыңғай диспетчерлік қызметі кірмек.

Отандық медициналық ЖОО-дағы кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында әлемдегі 500 үздік университеттер қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердегі медициналық мектептер. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап 6 медициналық колледжде мейірбикелерді дайындаудың финдік үлгісі енгізілетін болады.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жобалау тобы құрылып, инфрақұрылым мен МЖМӘ-ні дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақтардың медициналық картасы жасалуда. Картада азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болатын денсаулық сақтау ұйымдары нысандарының саны анықталатын болады. Тізімделген нысандарға құрылыс, қайта құру, жеке секторды тарту мен жекелеген нысандарды МЖМӘ тетіктерін қолдана отырып, сенімді басқару ісі кіреді.

Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды. Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теңгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады.

ҚР ДСӘДМ дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындады. Шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (әрі қарай - МӘМС) бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС енгізілгеннен кейін Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін (азаматтардың 12 санаты) 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады.

Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелеріне тоқтала келе, Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мақсатында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын еске салды. 2015 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 167 мың адам, оның ішінде ашық бос орындарына азаматтар жұмысқа орналастырылды. Олардың 85%-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (142 мың адам).  Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында  микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаңғыртылған болатын. Онда жұмыс орындарын сақтауға негізделген жаңа құралдарды қарастырылды. Бұл – білікті мамандардың жоғалған еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін оқытуға арналған гранттарды беру (қайта даярлау мен бліктілікті арттыру), жұмыс орындарын міндетті түрде сақтау шартымен жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теңгенің 63 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкіметтің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты.

2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар - 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты.

Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (әрі қарай - АӘК) жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі

Сондықтан 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республиканың барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған «Өрлеу» жобасының аясында жаңа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.

«Өрлеу» жобасы қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АӘК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаның жұмысқа жарамды мүшелерінің 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сатылай жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша; мүгедектерді оңалтудың техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен қамтамасыз ету, кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту, кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтіру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді.

Жұмыспен қамту орталықтарының мәліметінше, жыл сайын орталыққа жүгінетін мүгедектердің 75%-ы жұмысқа орналастырылады.

Қиын өмір жағдайына тап болған адамға стационар, күндізгі орталық, үй күтімі, уақытша орналасу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде әлеуметтік қызметтер мүгедектерді, жасы ұлғайған адамдарды, адам саудасының құрбандары, сотталған адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қамтиды. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жыл соңына дейін мүдделері бір қызметтердің өзара қарым-қатынас тетіктерін құру бойынша Жол картасы жасалып, білім жүйесі, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қорғау мен пробация қызметі мамандарын оқыту ұйымдастырылатын болады.

Баяндамадан соң Тамара Дүйсенова азаматтардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

 
0
0
480

Дөңгелек үстелдер сериясы жалғасуда

А.ж. 28 маусымда Степногорск қаласында  «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы, Әдеп кодексіндегі өзгерістерге қатысты  мәселелер талқыланды, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің ардагерлері өскелең ұрпақпен жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуына, мемлекеттік қызмет имиджінің артуына бағытталған.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін  мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестке қосты.

0
0
467

Ақкөл ауданындағы дөңгелек үстел

А.ж. 28 маусымда Ақкөл ауданының орталық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қ. Жапақов өз сөзінде мемлекеттік қызмет имиджін арттырудың, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мамандар арасындағы тәжірибе алмасудың, мемлекеттік аппараттың кәсібилігінің арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев «Мемлекеттік қызметтің адамгершілік қағидалары» тақырыбындағы баяндама оқыды. Баяндамада тұлғаның өзін өзі дамытуына, ұрпақтар сабақтастығына, мемлекеттік қызметтің қағидаттарына зор мән берілген.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылардың ұсыныстары мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын анықтайтын Манифестке енгізілді.

0
0
625