Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 30 маусымында өткен кезекті отырысында Жаңақала және Бөрлі аудандарының    мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды.

- Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Д.Закариннің, Жаңақала ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Мендіханның және Жаңақала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қарағойшиннің, ауданда құрылған қоғамдық қордың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласу мәселесіне қатысты Жаңақала аудандық прокуратурасының ұсынысы қаралып, талқылау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 1- тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасауға жол бергендері үшін, аталған тұлғаларға қызметтеріне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолдану туралы аудан әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Келесі, Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың, Успенов ауылдық округінің әкімі Г.Зайнуллиннің, Приуральный ауылдық округінің әкімі Т.Раимкуловтың, Қарағанды ауылдық округінің әкімі Д.Акмамбетовтың, Ақсай қаласының әкімі Ж.Ермукановтың, Бөрлі ауылдық округінің әкімі В.Баштовенконың, Березов ауылдық округінің әкімі Ж.Хайруллиннің атқарылмаған қызмет түрі бойынша жасақталған жалған актіге қол қойып, толық есеп айырысу мәселесіне қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаментінің Бөрлі аймағы бойынша ауданаралық басқармасының ұсынысы қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 4, 5-тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасауға жол бергендері үшін қызметтеріне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Бөрлі ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

 
0
0
483

Осы тақырып бойынша

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді - Yvision.kz