Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар жағажайында Астана күні өтті!

Астана күніне орай, дәлірек айтқанда, дәл осы жексенбі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған бірқатар шаралар арқасында, Павлодар қаласының қонақтары мен тұрғындары «Астана Кубогіне» таласты да, автокөлік моторының гүрілін де, жазғы тамаша көңіл-күйді де көріп қана қоймай, сезіне алды.

Спорт алаңдарында жағажай футболы мен волейбол жарыстары өткізілді. Қатысушылардың айтуынша, әдеттегі футболдан жағажай футболын ойнау әлдеқайда қиын көрінеді. Дегенмен, жеңімпаз атануға біршама үміткерлер жиналды. «Астана Кубогіне» бала кезінен допқа құмар ұлдармен қатар, «Жасыл ел» құрамасынын атынан қыздар қауымы да бағын сынап көрді.

Футболмен қатар, жағажай волейболының қатысушылары да қарсыласының қақпасына гол кіргізуді көздеді.

Жағажай Чемпионатының нәтижесінде, орындар келесідей бөлінді: «Sunrise» командасы «Астана Кубогін» жеңіп алды, 2 орынға «Барыс» командасы иеленсе, 3 орынды «Барс» және «Жасыл ел - girls»командалары бөлісті.

Жағажай волейболы бойынша «Ұлан» командасы жеңіске жетті, 2 орынға «Радуга» командасы, 3 орынға «Сансей» командасы жайғасты.

Сонымен қатар, Астана күніне орай, Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Ритм» шығармашыл жастар бөлімімен бірлесе отырып, мерекелік автожарыс ұйымдастырды. Павлодар қаласының көшелерімен түрлі автожарыстың жеңімпаздары атанған 13 спорт көліктері жүріп өтті.

Мерекелік кортеждің бір бағыттық нысаны дәл осы Орталық Жағажай болды. Бұл жер бірден автокөлік көрмесіне айналды. Көпшілік ерекше автокөліктермен суретке түсуді бастады.

1
0
1135

Осы тақырып бойынша

Павлодар жағажайында Астана күні өтті! - Yvision.kz