Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайсыз Қазақстан: экономиканың жаңа тетіктерін ұсыну

1990 жылдары елімізге көптеген инвесторлар тартыла бастады. «Мұнаймен болашаққа» деп ұрандатқан Қазақ елінің 25 жылдан кейінгі экономикалық жағдайы индустриялды елдерге дейінгі елдердің қатарымен шектелді.

Қазақстан-жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық жүйеге ауысқан, экономикасының негізгі тірегі мұнай болып табылатын мемлекет.

Мұнайсыз Қазақстан –«голландтық ауруға» ұшыраған Қазақстанның басқа да салаларға көңіл бөлу мақсатында ұстанып отырған саясаты.

Жаңа тетіктері-экономиканың жаңа қозғаушы күші.

Қалыпты жағдай.

Әлемік экономикалық форумның (World economic forum) елдердің бәсекелестік рейтингі бойынша Қазақстан 50 орыннан 2015-16 жылдарға 42 орынға түсті. Енді осы ретте Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекет болуына мнай әсер ететінін төмендегі кесте бйоынша көрсетемін:

Жылдар

WEF рейтингі

Экономикалық өсім

Мұнай бағасының өзгеруі

2005

61

2006

56

10

148

2007

61

2008

68

2009

72

1

38

2010

68

2011

67

2012

67

2013

50

7

112

2014

50

7

2015

42

1,5

40

 

Проблема: Мұнайға деген тәуелділік

Проблеманың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мұнай экспорттаушы мемлекет болғандықтан, біздің негізгі қаражатымыз мұнайдан түседі. Егер әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандайтын болса, біздің де табысымыз азайып қалады.

Себептері:

  • 1. Өндірістің төмендігі;
  • 2. Импорттық шектеудің аздығы;
  • 3. ШОБ-тың әлсіздігі

Мұнайға тәуелділік неге алып келді?

  • Теңге 185-тен 337-ге төмендеді;
  • ЖІӨ өсімі 7 %–дан 1,0 %-ға түсті;
  • Бюджеттің 40 %-ға жуығы мұнайдан түскен трансферттік ағымдардан болғаннан кейін, бюджет дефициті(2,2%, 997 млрд тг) орын алды;
  • Импорт 38 пайызға азайды, кедендік баж салығы 2 есе төмендеді.

Жоғарыдағы дүниелерді ескере отырып, Қазақстан өзіндік өндіріс орындарын дамытып, қолымызда бар шикізатты тек шикідей емес, өнім ретінде жасап шығаруға, ШОБ-ке көңіл бөлінуді, кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдауды, және сол кәсіпкерлер шығарған өнімдерін ішкі нарықта өтуін қамтамасыз етуіміз керек.

Қазіргі таңда Қазақстан 90 % импорттаушы (тұтынушы) мемлекет ретінде табылады.

Қауіпсіз мемлекет деп тек қана мықты әскері бар мемлекет емес, одан бөлек өз мемлекетін күнделікті керек жарағымен және бағасы төмен тауарлармен қамтамасыз ете білетін мемлекет болуы тиіс. Осы ретте Қазақстан өзін ең бірінші деген азық-түлікпен 35% ғана қамтамасыз етуде, қалған 65% -ын импорттайды. Бізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан бір 2014 жылдың өзінде 28 млрд. теңге бөлінген болатын. 1990 жылдары ауыл шаруашылығы  ЖІӨ-нің 15 %-ын құраса, қазір 5%-ға да жетпейді. Осы ретте біз «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығына 2020 жылға дейін ғана субсидия құя аламыз. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымының қойған шарты бойынша. Одан ары қарай кәсіпкерлер өздерін қаржыландыратын болады.

Ендіге ретте мемлекет:

1)    Сырттан тартылатын инвестицияларды нақты секторға құю керек. Біздің шикізат қорын игеру, инфрақұрылымды дамыту ғана емес, нақты өндіріс орындарын ашуға шақырған жөн;

2)    Ауыл шаруашылығына 2016-2020 жылдары аралығында барынша қаражат құйып қана қоймай, осы салаға кәсіпкерлерді тарту керек. Дәл осы жерде өзіміздің төл аглокластерімізді жасап шығаруымыз керек;

3)    ДСҰ-на кірген күннің өзінде Қазақстанның кәсіпкерлері өз нарығымызда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуіміз керек. Егер олай болмаған жағдайда біз өзіміздің құрған 24 жылдық еңбегімізден айырылып қаламыз;

4)    Қазақстан Республикасының ішкі нарығын өзіндік тауарларымен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл үшін еліміздің логистикасын дамытқанымыз жөн. Қазақстан өзін сүт өнімдерімен 65% -ға қамтамасыз етсе, соны 90 %-ға жеткізуіміз қажет(осы мысалда басқа да азық-түлік тауарларын). Өйткені мемлекет халықты барынша қолжетімді арзан тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуі керек.

5)    Қазақстан сандық емес, сапалық позицияда жұмыс жасауы керек. Бұл дегеніміз өндіріс орындарын сан үшін емес, еліміздегі сырттан келген кәсіпкерлерге төтеп беретін, сапалы тауар өндіре алатын кәсіпкерлер болуын қамтамасыз етуі керек. Сол кезде ғана біз ДСҰ-ға ене отырып, өзіміздің төл тауарларымызды өндіре аламыз.

Жоғарыда аталғандай біз өзіміздің экономикамыз үшін әртараптандырудың дұрыс екенін білеміз. Өйткені мұнай біздің қолымызда емес, оны әлемдік нарық шешеді, ал біз өзіміздің қолымызда болатын төл тауарларымызды өндіруіміз керек. Басқа салаларымыз әлсіз болғандықтан 24 жыл бойы мұнайға масыл болып келдік, сендік. Керек десеңіз мұнайдың өзі мәңгілік емес, ол да бітеді.

Ең дұрысы, өзіміздің кәсіпкерлерді қолдайық, олар сапалы, тиімді тауар шығарсын, сол тауармен мемлекетті қамтамасыз етейік, артығы болса экспортқа шығарайық. Біз қазіргі таңда сырттан тауарды еріккеннен сатып алып отырған жоқпыз, тауардың жеткіліксіздігінен, жоқтығынан. Ол әрине, бізге қымбат бағамен келеді. Сол себепті, Азияның барысы екенімізді дәлелдеуіміз үшін Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын сапалы тауар шығарайық. Бірақ оған дейін өзімізді қамтамасыз етіп алсақ дұрыс болар еді.

 
0
0
1544

Осы тақырып бойынша

Мұнайсыз Қазақстан: экономиканың жаңа тетіктерін ұсыну - Yvision.kz