Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы және кеңес мүшелері азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді

А.ж. 12 шілдеде Зеренді ауданы әкімдігінің аппаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы және кеңес мүшелері  азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді

Зеренді ауылдық округінің бас маман-бухгалтері Қ. Ақмағанбетова мемлекеттік қызмет саласында нақты өтілі бар қызметкерлер жұмысқа қайта алынғанда есептелетін еңбекақы мәселесі жөнінде сауал қойды.

«2015 жылы мен зейнеткерлік жасқа жеттім. Менімен жасасқан  еңбек шарты бір жылға ұзартылған болатын. Қазіргі таңда мен кәмелет жасына толмаған баланың қамқоршысы болып табыламын, орын алған жағдайларды назарға ала отырып, еңбек шартын тағы бір жылға ұзартуға бола ма?», –  Департамент басшысы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша  Әдеп жөніндегі кеңесінің  басшысы Қ. Жапақовқа бұл сұрақпен экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі С. Баймурзина жүгінді.

Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы                                            М. Алпысбаеваны бөлімнің E-R-4 санаттағы бас маманына неге жоғары білімінің болуы туралы талап қойылуы туралы және  орта арнайы білімі бар, тең дәрежелі лауазымдағы, мемлекеттік қызметте 12 жылдан астам өтілі бар   мемлекеттік қызметші  неге қабылданбайтыны жөніндегі мәселе толғандырды.

Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы                                   А. Төлегенов мемлекеттік қызметшілерге  еңбекақының факторлық-балдық шкаласы бойынша бонус төлеу тетігі жөнінде сұрақ қойды.

Азаматтарды қабылдау барысында жүгініп келген азаматтардың баршасына қойған сауалдары бойынша  толыққанды түсіндірулер мен    түбегейлі жауаптер берілді.

0
0
244

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы және кеңес мүшелері азаматтардың көшпелі қабылдауын жүргізді - Yvision.kz