Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысының Трамвай басқармасында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Павлодар қаласында орта-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ерекше жерде – Трамвай басқармасында өтті.

Инженер-металлург, электромеханик, инженер-құрылысшы, бухгалтер сияқты мамандықтардың түлектеріжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бірден әңгімелесуге шақырылды.

Жұмысқа орналасу үшін 7 адамға бос орындар бар, сондықтан, егер жұмыс орны болса,  бірден жұмыс берушіге бару керек, - деп атап көрсетті Лариса Кузьменкова,«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.

Сонымен қатар, " Павлодар қаласының Трамвай басқармасы " АҚ өкілі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, әкімшілік лауазымдар мен кәсіптердің 78 бос жұмыс орнын атады. Солардың ішіндегі сұранысы көп мамандықтар - электрослесарь, дәнекерлеуші, слесарь ,монтер, кондуктор, трамвай жүргізушісі.

Осы жәрмеңкеге Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторлары да қатысып, 1000-нан аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Көптеген жас мамандарды тек қана диплом бойынша алған  мамандықтары қызықтырды.

Сондай-ақ, бүгін қаламызда Халыққа қызмет көрсету орталығында  тағы бір мамандандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкеде Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмысқа орналасу туралы кеңестер берді.

 
0
0
747

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының Трамвай басқармасында бос орындар жәрмеңкесі өтті. - Yvision.kz