Мазмұнға өту

Жаңа

Газдың бағасы барлық өңірде бірдей болады

2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы inform.kz жазады. Ал 2016-2020 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» ұлттық операторынан қосымша қаржы ала отырып, тағы төрт облыстағы халық саны көп 14 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда министрлердің арасында алғашқылардың бірі болып, халық алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай хабарлаған. Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы бұл сала дамуға бет алды. 45,3 млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрады. Елімізді газдандыру — басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған, — деді сала министрі. Ал осы саладағы жоспарларын айтқан Қ…

0
0
708

«Адал жол-Честный путь» дәстүрлі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына жеті мыңнан астам ақмолалық қатысты

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Ерейментау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен бастау алған «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Заңгерлік қызметтің басшысы А. Қызкенова мен кадр қызметінің басшысы А. Әлжанова баяндама оқыды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сұхбат өрбіді, қатысушылар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлықтың кез-келген түріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыпта…

0
0
400

Елiмiзде «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады

Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:59 , Астана ФОТО: spokoino.ru Қазіргі таңда еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту нәтижесінде Қазақстанда «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылатын болады. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. Министрдiң баяндауынша, 2015 жылы елде 14,5 млн тонна мұнай өңделген. Ал 2016 жылы 14 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған. «Биылғы жылдың төрт айында өңделген мұнай көлемi 4 млн 230 мың тоннаны құрады. Ақпан-наурыз айларында өңделген мұнай көлемi мұнай өңдеу зауыттарында шикiзаттың бағасы өте төмен болғандықтан аз болды. Сондай-ақ, өндiрiс көлемiне көршi Ресейдегi мұнай өнiмдерiнiң бағасы да әсер етедi. Қазiр Ресей нарығ…

0
0
348

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр желісінің құрылысын 2018 жылы толық аяқтау жоспарлануда — Қ. Бозымбаев

06 Маусым 2016, 11:02 АСТАНА. ҚазАқпарат - «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті 500 кВ желісінің құрылысы жобасын толық аяқтауды 2018 жалға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. Жобаның жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайды деп көрсетілген. Бұл жоба әлеуметтік маңызға ие екеніне тоқталған ол, желінің құрылысы кезінде жұмыс орындары құрылатындығын, осы орайда 1,8 мыңға тарта адам жұмысқа тартылатындығын атап өтті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1500 шақырымдық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жоғары вольтті желі тартылады. Ол жоба 2018 жылы аяқталады. Оның салынуы оңтүстік өңірлердің соңғы кезде электр энергиясына өсіп отырған сұранысын өтеуге мүмкіндік береді», - деді министр. «Еліміздің шекті тарифтік бағдарлам…

0
0
523

Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Жалпылай алғанда, ҚР АШМ тарапынан өсімдік шаруашылығындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Оларға сәйкес электрондық дақылдық қолхатқа өту а.ж. 23 шілдеден бастап іске асырылмақ.

Сақтандыру мен өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығы индексі негізінде сақтандыру жоспарлануда.

Аталған жаңалықтар осы саладағы тиімді жұмыс жүргізу үрдісін қалыптастыруы тиіс.

0
0
419

Роналду Еуро-2016 «Күміс бутсаны» командадағы жолдасына сыйлады

Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және голға үш доп шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марпатталды, деп жазады life.ru.

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек.  Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:

- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.

0
0
356

Прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібі туралы жадынама

Прокуратура органдарына қабылдау 2 кезеңде жүргізіледі:

1) Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерттеу

2) Конкурс (іріктеуден өткендер үшін).

Бірінші кезең. Кандидаттарды іріктеу мен алдын ала зерттеу бос лауазымдардың болуына және конкурс жариялауға қарамастан прокуратура органдарына қызметке кіруге ниет білдіруші өтініш берген кезден бастап жүргізіледі.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdaryna-kyzmetke-kiru-trtibi-turaly-zhadynama

0
0
539

Прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 15 тамыздан бастап республикалық және облыстық БАҚ-та прокуратура органдарының бос лауазымдарына конкурстар туралы хабарландыру жариялауды бастайды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdaryna-kyzmetke-kabyldau-turaly-habarlandyru

0
0
382

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 11.07.2016 ж. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы «Бабык Бурлук» ЖШС-да агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдардың және олардың ведомстваларының, облыс әкімдіктерінің және ауыл шаруашлығы тауар өндірушілерінің қатысуымен республикалық кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрімен гектарлық субсидия механизмінің кемшіліктері, гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шығында…

0
0
587

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді

Соңғы 11 жылда (2003-2015 жж.) баланың тууына орай төленетін бір реттік жәрдемақы отбасындағы бала санына байланысты 7,8 есеге дейін ұлғайды (13 мың 177 теңгеден 103 мың 758 теңге дейін). Әлеуметтік қолдаудың аталған түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оң әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіші 2,5 есеге ұлғайды. 2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 - 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мың 90 теңгеден 11 мың 417 теңгеге, екінші балаға – 3мың 605 теңгеден 13 мың 498 теңгеге, үшінші балаға 4 мың 120 теңгеден 15 мың 559 теңгеге дейін…

0
0
343