Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодар облысының әкімі Ниццада қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты

Павлодар облысының әкімдігі Францияның Ницца қаласында терракт кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтары, Павлодар облысының тұрғындары - Панченко отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Хабарламада аймақ басшысы Болат Бақауов: «Франциядағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз және жараланғандардың жылдам сауығып кетулеріне тілектеспін», - деп, қайғыға ортақтасқан.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР СІМ Ниццада төрт Қазақстан азаматының қайтыс болғандығын хабарлаған болатын. Бақилық болғандардың қатарында павлодарлық отбасы бар: 60 жастағы Любовь Панченко, 32 жастағы Марина Панченко және екі жасар Сильвия.

0
0
264

Бiр саясаттанушыға

 

Ана елдi жау дедiң,

Мына елдi жау дедiң,

Қанқұмарлар бiздi де

Қалдырмайды сау дедiң.

Үрейге толы сөзiңмен

Бездiрiп тындың, ақыры,

Тыңдаушыны өзiңнен.

Балапан партиялар

Ана бiр жылы желдi күндей көтерiлген еңсесi,

Партиялардың көбiнiң

Таба алмадым кеңсесiн.

Құдды құмға сiңiп кеткен судай ма?

Әлде олар өздерiне қолайлы

Сәтте ғана жалаулатып шулай ма?

Болады екен мұндай да.

Өкiнбеңiз, алайда

Сайлау жақын қалайда

Балапандар тастап шығып ұясын,

Құлағына сайлаушының

Бағдарламаларын жарыса құятын

Кез де туар орайлы.

– Негiзiнде, – дейдi жұрт,

– Балапанды күзде санау қолайлы.

 

Сүлеймен Баязитов

0
0
352

Өлең кiмдiкi?

Қазiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес. Солардың көпшiлiгiнiң оқулық авторларының кемшiлiгiн көре тұрып, көрсете отырып, ой өрбiткендегi көздеген мақсаты – жас ұрпақты шынайы әдебиет мәйегiмен ауыздандырып, әз халқымыздың асыл мұрасын сүйiп, бiлiп өсуiне азды-көптi қол ұшын беру ғой. «Жүйрiкте де жүйрiк бар, әлiне қарай жүгiрер» демекшi, ортаға ой салушылардың бәрiнiң айтқаны айнақатесiз деудiң де жөнi келе қоймас. Осыны түсiне, түйсiне отырып, тәуекелге бел буған жайым бар. Сонау 1950 жылдары «Ананың сүюi» атты осы өлеңдi төменгi сыныпта оқып жүргенде, таңдайымыз тақылдап жатқа айтатын едiк: Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай, Шешең байғұс, дамылсыз ж…

0
0
591

Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің аппаратында аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудандағы әртүрлі ұйымдар мен партия өкілдері, әкімшілік бөлімдерінің басшылары, қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері, түрлі салалардың майталмандары, қоғам қайраткерлері және ардагер ақсақалдар, белсенді жастар қатысты.Алғысөзді бастаған Қоғамдық кеңестің төрағасы Т. Жүнісов тақырыптың аудан жұртшылығы үшін маңыздылығын түсіндіріп, баяндама жасады. Баяндамада патриотизм мәселесін, аудандағы тазалық, адамдардың мәдениеті, бүгінгі қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелер жайында ой қозғады. Сонымен қатар, аудан басшысы Ж. Бейсенбаев дәл қазіргі әлемдегі түрлі өзгерістер орын алып, терроризм мен экстремизм қаупі күш…

1
0
975

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы сыбайлас жемқорлықтан ада

А.ж. 15 шілдеде Ерейментау ауданында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Теплосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (ШЖҚ КММ) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы сыбайлас жемқорлықтан ада» тақырыбында отырыс өтті. Іс-шараның мақсаты: «Теплосервис» ШЖҚ КММ еңбек ұжымына ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зияны туралы баяндау. Негізгі баяндаманы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясының бас маманы И. Воробьева оқыды. Баяндама барысында И. Воробьева марафонның халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, әлеумет тынысындағы осы жаман көрініске төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру үшін өткізіліп отырғанын ат…

0
0
561

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж. 14 шілдеде «Нұр Отан» партиясының Ерейментау аудандық филиалының кеңсесінде облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонышеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Н. Мандаевтың төрағалық етуімен Кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды: «№3 Станциялық сайлау округі» алғашқы партия ұйымының «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасын орындауы туралы»; «ХҚКО-ның 6 айда халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы»; «2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Ерейментау ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мониторингінің қорытындылары туралы». Қоғамдық кеңестің отырысына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Дүйсембаева, комисси…

0
0
634

Партия «Нұр Отан» против коррупции

14 июля т.г. в офисе Ерейментауского районного филиала партии «Нұр Отан» в рамках областного антикоррупционного марафона «Адал жол – Честный путь» под председательством председателя Общественного Совета по противодействию коррупции Н.Мандаева состоялось заседание Совета. В ходе заседания рассматривались следующие вопросы: «О выполнении партийного проекта «Страна без коррупции – процветающая страна» ППО «Станционный избирательный округ №3», «О работе ЦОН по оказанию услуг населению за 6 месяцев», «Об итогах мониторинга коррупционных преступлений и правонарушений по Ерейментаускому району за 1 полугодие 2016 года». В заседании Общественного Совета приняли участие первый заместитель председателя районного филиала партии «Нұр Отан» С.Дюсембаева, члены комиссии, государственные служащие. По об…

0
0
315

Ақмола өңіріңінің жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

А.ж. 12-14 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық- насихаттық тобы (бұдан әрі - ЖАНТ) облыс өңірінің Бурабай, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарына барды. Ақпараттық- насихаттық топтың мақсаты – облыс жастарын мемлекеттік саясаттың бағыттарымен таныстыру. Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен ауда…

0
0
365

«Адалдық елі»

А.ж. 13 шілдеде «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде Ерейментау ауданының «Болашақ» бала бақшасында «Адалдық елі» тақырыбындағы тақырыптық сабақ өтті.

Ойын сабағы «Жүректен жүрекке» шаттық шеңберінен басталды, мұнда балалар бір-біріне денсаулық, игілік, бақыт, адал, әділетті, кішіпейіл болуды, үлкендердге құрмет көрсетуді тіледі. Шаттық шеңберінен кейін балалар «Адал болу» еліне саяхатқа аттанды. Саяхат жолында балалар достық, адалдық және әділдік туралы мақал-мәтелдердің көмегімен түрлі кедергілерден өтті. «Шын-өтірік» жаттығу-ойыны өткізілді.

Ойын сабағының соңында балалар «Адал болу» елінің кейіпкерлеріне «адалдық жүрекшелерін» тарту етіп, өздерінің ізгі тілектерін айтты. Бұл іс-шара ересек топтардың тәрбиеленушілері арасында жүргізілді.

 

0
0
1485

Қазақ сынының жаңа кескіні

– Өлеңдерің жаман емес екен. Қайда оқыдың, не бітірдің? – Бітіргенде, –дедім мен кібіртіктеп. –Большевик жеті жылдық мектебін. Осы сәт жаңа ғана іш тартып өлеңдерің жаман емес екен деп отырған ағам жыландай жиырылып сала берді. – Бәсе өзім де әдебиет теориясынан бейхабар біреусің-ау деп отыр едім, – деп өлеңдерімді алдыма атып ұрды. Біршама сасып қалсам да: – Аға, – дедім мен. –Сіз жаңа әдебиет теориясы дедіңіз бе? Ол не? Оны қайдан оқуға болады? – Әдебиет теориясы, әдебиет теориясы... – деді ол әлден соң, – ол сын ғой. Бар енді, оны саған тәтпіштеп түсіндіріп отыруға уақытым жоқ. Әлден соң: – Ә-ә-ә, есіме түсті, –деді ол риза көңілмен. –Оны «Жұлдыз» журналы бар ғой. Соның соңғы беттерінен, сонан соң «Қазақ әдебиетінен» табасың. Ол кезде «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналын екіні…

0
0
631