Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі өкілдің рөлі жөнінде аудандарда талқылануда

2016 жылдың 20 шілдеде Ақжайық ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Жұматованың төрағалығымен  «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Т.Мерғалиевтің, ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме-ұйым басшылары, бөлім басшылары мен бас мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы О.Бақтығалиева, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Қ.Елешев Елбасы ұсынған бес институционалды реформада айқындалған – кәсіби, дербес мемлекеттік аппарат құру бағытында атқарылған жұмыстар туралы, мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметтегі тәртіптік және әдептік бақылау, мемлекет басшысының меритократия принципін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын жергілікті атқарушы органдарда іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған маңызды іс-шаралар туралы хабарлама жасап, заңнамаға сәйкес кеңінен түсінік беріп өтті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Т.Мерғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі, Заңға сай қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары туралы және БҚО бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте ағымдағы жылғы атқарылған істердің статистикалық есебін жан-жақты баяндады.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар туындап, тиісті жауаптар қайтарылды.

 
0
0
377

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі өкілдің рөлі жөнінде аудандарда талқылануда - Yvision.kz