Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

6636 әскери бөлімінің 6- атқыштар ротасында «Жемқорлыққа жол жоқ» отырысы өтті

А.ж. 22 шілдесінде 6636 әскери бөлімі мекемесінің 6 атқыштар ротасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында жеке құрамның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерімен «Жемқорлыққа жол жоқ»атты отырысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: әскери бөлімде сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмау.

Алғашқы сәлемдесу сөзді 6636 әскери бөлімінің  6-атқыштар ротасының командирі, капитан Матиев Ғазиз Жалғасбекұлы бастады: «Өткен жылдары парақорлықтың тамырын жою тұрғысынан қараса қелімізде аз жұмыс жасалған жоқ. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы жұмыстар күшейтіліп, шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы байланыс азайтылды. Қызметі және еңбегіне қарамастан барлығы да жауапкершілікке тартылатын заң жұмыс істейді. Біз бұл жайтты түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске қызығушылықты арттыруымыз керек. Біздің арамызда бұл мәселеге осал қарайтын жан болмауы тиіс. Ең маңыздысы біз сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайларына бей-жәй  қарамай, оны тиісті мекемелерге жеткізіп, керекті шараларды қолдануымыз керек.»

Сондай-ақ, рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Бейсенғалиев Қуаныш Досболұлы өз сөзінде: «Бұның бәрін біздің келер ұрпақ көріп өсуде. Біз қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге қанша шақырып жатқанымызбен, олар үйдің ішінде осы көріністерді көріп өссе, оның барлығы бос сөз және аталған заңдардың да орындалуы екіталай. Жемқорлық – бұл қоғамның салауатты дамуына бөгет болатын елеулі кедергі, араласу мен жоюды талап ететін әлеуметтік жамандық. Және сізбен біз,сыбайлас жемқорлықтың кез келген әрекеттерінің жолын кесуге тиістіміз.» деп атап өтті. Отырыс  барысында әскери қызметшілер аталмыш марафонға және сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қатысты өз ой-пікірлерін айтып, ортаға салды. Іс-шараға шамамен 80 адам қатысты.

0
0
1991

Осы тақырып бойынша