«Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті
23-шілде күні елордамыз Астана қаласындағы «Астана Арена» алаңында бірінші лиганың белді футбол клубтары «Мақтаарал» мен «Бәтерек» ойын көрсетті.

Алғашқы таймда-ақ 2 гол салған «Мақтаарал» футбол клубының ойыншысы Асқар Абутов алаңға жиналған мақтаралдық жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Екінші таймда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын саябырсып, есеп сол күйінде қалды. Нәтижесінде 0:2 есебімен «Мақтаарал» футбол клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы Бірінші лиганың жарыс кестесі (XVI тур) бойынша 27 ұпаймен 4-ші орында тұр.

