Масадан құтылудың 5 жолы!

Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет жағымсыз дыбыстар: дзз... дзз... дзззззззззззззззз... Барлық ләззәтті бір мезетте жойып жіберетін масалар қайта-қайта мазаны алады. Дегенмен, мұңаймаңыз! Қосқанатты құбыжықты маңайыңызға жуытпайтын 5 әдіс бар. Бастайық...
1. Құс шие ағашын майдалап турап, дененің ашық жерлеріне жағыңыз;
2. Қалампыр, анис, базилик, эвкалипт, эфир майларын(бір стақан суға 5-10 тамшы тамызып) денеңізге жағыңыз;
3. Бузин бұтақтарын бөлмеге қою арқылы барлық масаларды төркіндеріне жібересіз;
4. Кедр майының иісі тек қана масаларды емес, оның мұртты ағайындарын да(тарақан, шыбын, т.б.) жойып жібереді;
5. Егерде сізде электрлі фумигатор сұйықтығы тәмәмдаса лақтыруға асықпаңыз. Бос көпіршікке эвкалипт экстрактін құйсаңыз масалар сіздің үйіңізге баратын жолды мүлдем ұмытады.
Жоғарыда аталған кеңестерді орындасаңыз, қансорғыштармен біржола қоштасасыз. Сәттілік!
