А.ж. 19-21 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық- насихаттық тобы (бұдан әрі - ЖАНТ) облысымыздың Степногорск қаласына, Шортанды және Ақкөл аудандарына барды.
Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудандардың жастарының кездесулері өтті.
Іс-шараларға ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысты.
Сонымен қатар, аудан басшылығының, ЖАНТ қатысушыларының, жастар активінің қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Аталған отырыстарда кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалған мақсаттары мен міндеттері жөнінде және облыс аумағында жүргізіліп отырған халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыс туралы толық мәлімет алды.