Хақ дініміз

Хақ дініміз
Ислам деп білгендер,
Бір Алланы құдырет деп таныған.
Сол Алланы артық көрген жанынан
Мүскіндердің ораза ұстап,
Ғибадат қып табынған.
Қаншама рет әділ жаннан түңіліп,
Діні үшін
Түн – түнекке ілініп,
Қорлық көріп,
Зорлық көріп,
Табандары тілініп,
Итжеккенге
Жазықсыздан айдалған...
Аман қалған
Қан сасыған майданнан.
Ұландары
Исламдық қайнардан,
Баспасада шөлдерін.
Алла
Десе көңілдері жайланған,
Алла
Десе көңілдері тыншыған.
Қуат болған қиын күнде –
Ислам,
Сен деп соққан
Мың сан жүрек бір сәтте,
Хақ сенімін,
Махаббатын ұсынған...
Жерік болып басқа дінге «ұшынған»
Дін бұзарлар әлемнің әр тұсынан
Өзге дінге шақыруда,
Жақ жақпастан зарлауда
Хақ мұсылман алдау, менен арбауға,
Шайтан сөзге ере қоймас,
Иншалла.
Саған пейіл
Өмірлерін арнауға.
Сүлеймен Баязитов
