Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің экспедициясы Тайқазанның қай жерде құйылғанын іздеп жатыр

"Əзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері Қарнақ елді мекеніне экспедиция жұмыстарымен барып қайтты. Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан ортағасырлық қала орны. Музей қызметкерлерімен бірге Түркістан археологиялық экспедициясының басшысы, белгілі археолог Е.Смагулов болды. Жергілікті билік өкілдерімен, ақсақалдар қауымымен кездесіп, кезінде Шамет Ишан мешіт-медресесі болған, ал, қазіргі таңда Шамет Ишан музейінде болып экспозиция жұмыстарымен танысты. Баршамызға белгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған қасиетті Тайқазан 1399 ж. осы Қарнақ ауылында жеті асыл металдың қоспасынан құйылған. Экспедиция жұмысының негізгі мақсаты Тайқазанның нақты қай жерде құйылғанын анықтау. Ауыл ақсақалдары белгілі бір аумақты көрсетіп ата бабаларынан жеткен өсиеті бойынша қазанның құйылған жерін жобалап көрсетті. Сол жерді мекендеп отырған иесінен қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алып, көп ұзамай археолог мамандар қазба жұмыстарын бастайтын болды. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір сәті түсіп құйылған жер анықталып жатса, болашақта бұл жерді музейлендіруге болатынын атап өтті. Болашақта туристтік маршрутқа енгізіп, туристтердің қызығушылығын арттыруға керемет мүмкіндік екені анық.

0
0
1029

Осы тақырып бойынша