Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі кеңестің біріккен отырысы өткізілді

2016 жылдың 21 шілдеде «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың ақпараттық материалдарын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өткізілді.

Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың ақпараттық материалдарын талдау және партия мүшесінің әдеп Кодексінің сақталуы жөнінде сұрақтары қаралды.

Ағымдағы жылдың 6 айындағы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеппен Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы А.Әубекеров таныстырды.

Сондай-ақ, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында МҚІМ-нің БҚО бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, «Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың ақпараттық материалдарын талдау қорытындысы» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының консультанты А.Сағатов баяндама жасады.

   
0
0
276

Осы тақырып бойынша

Оралда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі кеңестің біріккен отырысы өткізілді - Yvision.kz