Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданында терроризм қауіпінің алдын алу бойынша жиын өтті

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудан басшысы Ж.Бейсенбаевтың қатысуымен антитерроризмге қатысты жиналыс өтті. Іс-шараға аудандық ішкі істер басқармасының басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, жалпы мемлекеттік және жекеменшік ірі обектілердің жетекшілері қатысты.


Аудандық Ішкі істер басқарма бастығының орынбасары С.Жайлыбаев терроризмге қарсы тұру үшін көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығы туралы баяндама жасады. Соның ішінде халық көп жүретін қоғамдық орындар мен осал обьектілердің қатаң қадағаланып, жиі тексеріліп тұратындығын айтты.

Мақтарал ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев ең бірінші бейне бақылаудың көмегімен қылмыскерлер ұсталғанын айта отырып, бірқатар бейне бақылау орнатылмаған мекеме басшыларына қатаң ескерту жасап, дереу орнатуды міндеттеді.


1
0
500

Осы тақырып бойынша

Мақтарал ауданында терроризм қауіпінің алдын алу бойынша жиын өтті - Yvision.kz