Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралдың тазалық сақшылары іске кірісті

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады.


30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды. Студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады.

Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған.


Осылайша, студент жастардың еңбек жасағында қызмет ете отырып жазғы демалысты қызықты өткізуді жоспарлаған жастар үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп, еңбекте озат ізденушілерге қала басшылығы тарапынан марапаттаулар ұйымдастырылмақ.


 
2
0
628

Осы тақырып бойынша

Мақтаралдың тазалық сақшылары іске кірісті - Yvision.kz