Басты мақсат — көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағы бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен іс-шара жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылғы 29 шілдеде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» - ның ғимаратында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша кезекті апта сайынғы азаматтарды (қызмет алушыларды) қабылдау шарасын өткізді. Азаматтарды қабылдау әділет органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Сонымен қатар, Департамент «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру шеңберінде «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында «Өз құқықтарыңды білесің бе?» атты акциясы өткізді.

