Мемлекеттік қызметкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауы және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс – Әжібек Ақан

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты дөңгелек үстел болып өтті. ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылау және насихаттау үшін аудан әкімдігінің Персонал бөлімі, мәслихат депутаттары, «НұрОтан» партиясы мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы ардагерлер және қызметін енді бастаған жас мемлекеттік қызметкерлер іс-шараға қатысты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды анықтаған болатын. Сол 5 институционалдық реформалардың ең біріншісі Кәсіби мемлекеттік аппараты қалыптастырудан басталатыны және 100 нақты қадамның 15-і мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақы іс-шараларды анықтайтыны айтылған. Дәл сол себепті бүгінгі дөңгелек үстелдің мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызы зор.
«Мемлекеттік қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асрыратын қызметіне жұмсап, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына қалтықсыз қызмет етуі керек. Мемлекеттік қызметкерлер өз қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауы және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс» - дейді Мақтарал ауданы әкімінің кеңесшісі Әжібек Ақан.
Мақтарал ауданы әкімдігі Ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Камира Өмірбай ҚР-ның мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі туралы, оның мақсаты мен міндеті жайлы толық түсіндіріп өтті. Қызметін енді бастаған жас мемлекеттік қызметкерлер қызметіне байланысты сұрақтар қойып, аға буын өкілдерінен тұщымды жауап алды.




(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
