Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжіліс депутаты ауыл жастарымен кездесті

2016 жылғы 9 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Айзада Амангелдіқызы Құрманова аудан жастарымен кездесті.

Кездесуді кіріспе сөзбен бастаған аудан әкімі С.Жанғазинов жастарды таныстырып, сөз кезегін А.А.Құрмановаға берді. Айзада Амангелдіқызы жастардың жылы шыраймен, ақ көңілмен қарсы алғандарына рахметін айтып, Елбасының сындарлы саясаты төңірегінде сөз қозғады. Әсіресе, Жастар саясатына ерекше тоқтала кетіп, жастарға өз ақыл - кеңесін берді.

Айзада Амангелдіқызы: «Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, сіздер, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарысыздар, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Елбасымыз айтқандай «Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға яғни сіздерге тікелей байланысты. Өйткені сіздер – «Ертеңімізді жасайтын бүгінімісіздер». Жастарға деген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі.  Елдің қуаты мен қозғаушы күші де  –жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп ерекше көңілге қонымды, ұтымды ойымен бөлісті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас маман  эпидемиолог – дәрігер Виногоров Денис Николаевич өз сөзінде осы бағдарламаның аясында аудан тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатқанын айтып алғыс білдірді. Айзада Амангелдіқызыда Денис Николаевичқа осы ауданда қалып, ауданды көркейтіп, ауруханаға адал еңбек етіп, биіктен көрінуін тіледі.

Лебяжі ауданы Қорғаныс істер бөлімінің қызметкері Совет Заур Нұрланұлы «Орман шаруашылығы» мамандығын бітіріп келген жас мамандардың да осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы бір реттік көтерме ақы мен баспаналы болуы мүмкіндігі болса деп өз ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты Айзада Амангелдіқызы оң көзбен қарап, ары қарай қарастыратынын айтты.

Кезекті сөз кезегін алған «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садваккосова Жанар Наурызбайқызы «Жасыл Ел» бағдарламасының аудан бойынша іске асу барысына тоқтала кетті. Осы бағдарлама аясында 2014 жылы 74 студент жумысқа орналастырылса, 2015 жылы 122 студен, ал 2016 жылы 167 студен жұмысқа орналастырылып, көрсеткіш жыл сайын өсіп оң нәтиже беріліп жатқаны жайында  толық мәлімет берді. Бәрін мұқият тыңдаған Айзада Амангелдіқызы Жанар Наурызбайқызының еңбегіне ерекше тоқталып, жастарға үлгі алуға шақырды.

Кездесу өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор кездесу болып өтті. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Айзада Амангелдіқызы Құрманованың кездесу соңын өзінің салиқалы сөздерімен түйіндеді. Жастардың азды-көпті ұсыныс-пікірлері жерде қалмай, қарастыратынын айтып ағынан жарылды. Бұл келген сапарында Айзада Амангелдіқызы елдің алғысына, жастардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленіп кетті. Айзада Амангелдіқызының еңбегі әрқашан адал болған. Әрі қарайда осы бетіңізден талмай Лебяжі ауданының ғана емес күллі елдің алғысына бөленіңіз.

   

«ЖАЛЫН» жастар бастамаларын

дамыту орталығының нұсқаушысы А.Сетербай

       
0
0
693

Осы тақырып бойынша

Мәжіліс депутаты ауыл жастарымен кездесті - Yvision.kz