Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР «ҚОҚ АТО» РМК) жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және  біліктілікті  арттыру  орталығы  (Орталық)   2016  жылдың  тамыз айының 24-26 аралығында  Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімді қорытынды бағалау негізінде тыңдаушыларға ҚР Энергетика вице-министрінің және ҚР «ҚОҚ АТО» РМК бас директорының қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.

Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды - соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының құқықтық  базасы.

Өтінімдер тіркеу нысаны (1-қосымша) негізінде семинардың басталуына 5 күн қалғанға дейін қабылданады, сондай-ақ ол Орталықтың www.pkk.iacoos.gov.kz интернет-ресурсында қол жетімді.

Семинар құны 2-қосымшада көрсетілген.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны және [email protected] электронды мекен-жайы арқылы Орталық мамандарына хабарласуға болады.

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6971

0
0
457

Осы тақырып бойынша

2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр. - Yvision.kz