Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді

Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Спорт күніне» орай «Спорт бізді біріктіреді» атты аудан жастары арасында волейболдан турнир болып өтті.

Жарысқа түрлі ауылдық округтер мен кенттерден 16 команда қатысты. Бәсекелі додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып «Асықата кенті» командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Қарақай» ауылдық округінің командасы жүлделі екінші орында алса, «Қызылқұм» ауылдық округінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз командалар аудан әкімшілігінің арнайы дипломдарын алып, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
548

Осы тақырып бойынша

«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді - Yvision.kz