Мақтарал ауданында 3 тақырыпты қамтыған семинар-тренинг өтті

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал», «Отанды сүю имандылықтан басталады», «Жақсы дәстүр имандылықтан басталады» тақырыптарында семинар-тренинг болып өтті.
Іс-шараға «Кемел» және «Ғаламат» Қоғамдық бірлестіктері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық келісім КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, көп балалы аналар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, атқарушы бөлімдердің басшылары мен іс-қағаздарға жауапты мамандары, қала, кенттер, ауылдық округі әкімдерінің көмекшілері қатысты.








(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
