Ғ.Исмаилов «Жамбыл» ауылдық округінде
Кезекті ауыл халқының мәселелерімен танысу үшін Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғалым Исмаилов 10 мыңнан аса халқы бар «Жамбыл» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. «1993 жылы құрылған ауылдық округтің жалпы жер көлемінде 6 елді мекен бар. 6000 гектардың 4605 гектары егістік алқап. 10-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тұратын мекенде барлығы 31 көше бар. Жалпы 4, негізі 1 орта мектепте 2167 оқушы оқиды. 2 мәдени ескерткіш және 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 5 мешіт тұрғындарға қызмет етуде. 1403 аулаға электр энергиясы тартылған болса, 197 отбасы газды пайдалануда» - дейді ауыл әкімі Талғат Қалдыбаев аудан әкіміне берген есебінде. Ғалым Исмаилов жиналған ауыл тұрғындарынан ортаға шығып, өз мәселелері мен ұсыныстарын ашық түрде айта беруін сұрады. Аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Жұманов окур…