Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақсақал Кемел Жұмашевтың пікірімен мен де келісем

Соңғы уақыттары бала, тіпті бойжеткендер мен бозбалалардың жоғалуы туралы ақпараттар көбейіп, небір жан түршігерлік жаңалықтар естіп жүрміз ғой. Жақында Ұлттық арнадағы «Қоғамдық кеңес» бағдарламасы осы тақырып төңірегінде ойымда жүрген көп мәселелерді ортаға салды. Бағдарламаға қонақ ретінде шақыртылған ақсақал Кемел Жұмашевтың пікірімен мен де келісем. Неге балалар түнде жүреді, бұл ретте ата-аналардың жауапкершілігінің төмен екендігін көрсетеді деп атап өтті ақсақал. Рас, қазір жаз мезгілі, каникулдың қызған шағы, байқайтыным балалар түнде үйір-үйір болып жүреді, олар немен айналысып жүр, ата-аналары сол туралы біле ме осы сұрақтар шынында бәрімізді мазалайды. Үй ішінде тәртіп бар баланың жауапкершілігі жоғары болатыны белгілі, сондықтан айналамызда болып жатқан түрлі жағдайларды болдырмас үшін үлкендер жағы балаларына абай болса екен, олардың немен айналысып, қайда барып жүргенін алдын ала қадағалап отырған жөн деп санаймын. Әйтпесе, ажал айтып , бейнет білдіріп келмейді, бармақ тістеп қалмайықшы деп тілеймін.

0
0
234

Осы тақырып бойынша

Ақсақал Кемел Жұмашевтың пікірімен мен де келісем - Yvision.kz