Ұжымды (әлеуметтік топ, қоғам, мемлекет) басқарудың ең оңай жолы...
КСРО тарқар алдында 5-6 жыл бұрын, біздің колхозда бір жас жігітті шабық шабатын әйелдер бригадасына бригадир етіп тағайындапты. Сол күннен бастап, бригаданың жұмыс көрсеткіші төмендей бастайды. Егістіктегі әйелдер топ-топ болып, атыз үстіне жайғасып, өсек айтып, жұмыс істеуді қояды. Жас бригадирдің сөзін "Қазір-қазір тұрамыз" деп құлаққа да ілмейді.. Шарасы таусылған жас жігіт зейнеткерлікке шыққан бұрынғы бригадирге барып, жағдайды айтады.- Оларды жұмыс істету оп-оңай! - деп қарт бригадир егістікке келеді де, отырған әйелдердің бірін шақырып алып, - Әй, келін сені ел жүргіш дейді ғой!?- дейді. - Кім айтып жүр оны? - Анау айтты! - деп отырған қатындардың бірін көрсетеді.- О, аузыңассейін,жүзіқара қаншық! Мен сенен өткен жәлеппін бе? деп келіншек әлгі қатынға тұра ұмтылады.Қырғын басталып…