Сонымен, ақыл ма? қайрат па? жүрек пе?
Тақырыпқа қарап әңгіменің Абайдың ең танымал қара сөзі он жетінші қара сөз туралы болатынын ұққан шығарсыздар. Сабақта отырып сыныпта отырған барлығымыз жүректің барлығын басқаруға тиіс екеніне келіскендей болдық. Бірақ бір бала өзіне сөз берілгенде: "Әр адамның бұл өмірде биік арманы болу керек және сол арманның болуы сол адамды анықтайтын нәрсе. Ал менің арманым мемлекетіміздің тәуелсіз және бейбіт болып көк байрағымыздың желбіреуі. Сол арманға жету үшін мен кей кездерде жүректі тыңдамауға дайынмын. Менің бұл жасайтын тірлігім ақталады ма?"- деді. Ойланып мен де бұл сұраққа өз жауабымды іздей бастадым.
Жүрек деген, негізі, өте нәзік қой. Өзім де оны бастан біліп аңғармай, қайталанбас қателік те жасап қойдым. Жүректі тыңдамай оған көп жағдайға немқұрайлы қарап, маған әділетсіздікке бәрібір, жаныңыз ашыса да ештеңе жасамай қойсаңыз, жүрек қалауды да қояды екен. Жан ашуды да, әділдікті орнатуға денег құлшынысын да тиып қояды екен. Бұл процесс жүріп кетсе, оны қайта жаңарту өте қиын-ау. Бірақ, сол жолда өмір бақы жүретін болам-ау өзім. Жүрегімізді пәк, таза күйінде сақтап, оны тыңдап жүру біздің жауапкершілігімізде.
Ал сұрақтың жауабына келетін болсақ, жүрегіңді тыңдамай, бірақ сақтап қалуға күшің жететін болса, ақылға кейде жүгінсең болады. Алайда өз басым өзір бақи рөлді тек жүрекке бермегеніме өкінемін.
