Мазмұнға өту

Жаңа

Малайсары — (Поэма) үзінді

Қарамерген Басына құт береке аялдамай, Бұл қырды қырсық шалған Талай-талай. Дегізген «жеті жұттың бәрі – бізде» Қазаққа қырын келген замандар-ай. Өткен ед сол жылы да нәубат бастан, Жұт жайлап, Тігер тұяқ қырылды аштан. Жарымай ішер асқа отырғанда, Жау қолы жеті жақтан келіп басқан. Аяусыз сар далада қырғын салған, Қиылған қыршынан үзілді арман. Тұяғы жау атының жетпеген ел, Қашпақ боп, Жан ұшырып жүгін салған. Солардың бірі, міне, сайды өрлеп, Келеді көбі жаяу шаршап-терлеп. Ішінде бір қарт кісі жан-жағына Келеді көзін тігіп өте сергек. Кенет ол жарқ-жұрқ еткен әлденені Байқап қап, секем алып, ойға шомған. Құс емес шағылысқан қару сынды, Байламға тұяқ тіреп, ойын нақтап. Ешкімге сырын ашпай, Келініне Аппақ: – Сен, қарғам, көшті алға бастай бергін, Келем мен аман қалсам, Алла сақтап, – Де…

0
0
1063

Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған – Айдар Тыныбеков

Бүгін Мақтарал ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторы «Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. «Әлеуметтік көмек көрсету және халықты жұмыспен қамту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» өз баяндамасында Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Джанибеков Нұрмұхамед 2016 жылы 6 сәуірде қабылданған «Халықты жұмыспен қамту» Заңы туралы және Халықты жұмыспен қамту орталығының ережелері жайлы қатысушыларға толық түсіндіріп берді. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік секторы меңгерушісі Айдарбек Тыныбеков: «Қазіргі таңға дейін Мақтарал ауданында жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша 2501 адам жұмыссыздар тіркеуіне алынған,…

1
0
905

«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті

2016 ж. 16 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының орталық кітапханасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Мұқанов, Кеңес мүшелері М.Ақпаров, А. Төлеубаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Нүркенова, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және аудандық БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар отырыс барысында 5 институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадамдағы» мемлекеттік басқару жүйесінің реформалануы, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мен оның алдын алу шаралы туралы мәселелерді талқылады Т. Мұқанов 2020 жылға дейінгі жастар саясаты мәселелері туралы сөз қозғады және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастаруд…

0
0
441

Осылай жасап көріңдерші достарым?!

Кеше қызық болды. Сол жағалаудағы Apple town-ның ауласында 4-5 бала шүлдірлеп орысша сөйлесіп, доп тебісіп жүрген. Жанынан өте берген ағайымыз «Әй, балалар, қазақша сөйлесіңдер» дей берген ед, аналардың біреуі «агай, он дунган, не понимает по казахский» демесі бар ма. Сонда ағамыз да саспастан «Дүнген қайдан жүр-ей мұнда, оған қазақша үйретіндер» деп кете берді. Байқасам,әрі қарай тарқасқан балалар қазақша сөйлесіп жүре берді. Айтқанын екі еткізбеген ана ағайға ішім жылып қалды. Негізі бар ғой, бар бәле өзімізден, біз талап етсек қазақшамыздың да қанаты қатайып, өз тілімізді ардақтайтындар саны артады. Әуелі өзіміз бастап, дүкенде, кинода, дәріханада қазақша жауап беруді талап етсек, соған сай жауабын да аламыз. Бұрындары БАқ қазақ тілін үйрететін бағдарламалар көп еді,қазір жоқтың қасы.…

0
0
372

«Мәселе ақшада емес, оның көлемінде»

Левиттің еңбегі бағаланғанына шын қуанып жүрмін өз басым. Күміс медаль иеленген боксшыға алтын жүлдегерлермен бірдей сыйақы берілетін болды дегені дұрыс болды. Васяның жеңіске жеткенін көрген тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемнің салмақты спорттық сарапшылары мен әйгілі спортшылары Левитті қолдап, жеңісін мойындауда. Статистика да біздің боксшының басымдығын айқындап отыр. Бұл дегеніңіз қара тердің текке төгілмегендігін көрсетеді емес пе?! Оның үстіне еліміздің спортшының еңбегіне ат үсті қарамай, алтынға пара-пар сыйақы беретіндігі игі бастама болды. «Мәселе ақшада емес, оның көлемінде» (Дело не в деньгах, а в их количестве))) деп шуткаға айналдырып жіберсең да)) Жо, жоқ, адамның еңбегін бағалау, оны көтермелеу қалай болғанда да құптарлық іс. Алтыннан ардақты батырларымыздың ба…

0
0
590

Батыс Қазақстан облысында ауданаралық және облыстық дөңгелек үстелдер сериясы өткізілді

16, 17 және 19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысы Бөрлі, Жаңақала аудандары мен Орал қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бастамасымен, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты, ҚР ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігінің арасындағы ведомствааралық жоспарға сәйкес «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен ауданаралық және қалалық дөңгелек үстелдер өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсатты бағыты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлі…

0
0
372

Тәні саудың жаны сау

Конституция күніне орайластырылған велошеру аясында а.ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп велошеру ұйымдастырды. Велошеру алдын ала белгіленген маршрут бойынша орблыс орталығы Көкшетау қаласында өткізілді және «Сәлем» сөзін құрады, маршруттың жалпы ұзақтығы 10 км. болды. Өткізілген спорттық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұжымдағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту болып табылды. Жеке басының үлгісінде салауатты өмір салтын насихаттап және мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында қатардағы мемлекеттік қызметшілермен бірг…

0
0
466

Қызылордалық полицейлер зілтемірші Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, иығына шапан жапты

Бүгін, яғни 2016 жылғы 19 тамызда Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшылығы және жеке құрамы, «Динамо» спорт қоғамының басшылығы Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші Жазғы олимпиада ойындарының ауыр атлетика турнирінде 105 килограмм салмақ дәрежесінде ІІІ орын алып, қола жүлдегері атанған Александр Зайчиковпен кездесті. Жиын департаменттің үлкен мәжіліс залында өтті. Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, сыр сақшылары атынан Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, Сыр халқының үмітін ақтап, жасаған тартуы үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Көп жылғы жүйелі жұмысың, жеңіс жолындағы төккен маңдай терің ақталғаны үшін қуаныштымыз. Әлі талай жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көкке көтеріп, Қазақ елінің атын төрткүл дүниеге танытатыныңа сенімдіміз», - де…

0
0
412

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «CASPI BITUM» БК» ЖШС шығаратын полимер-түрлендірілген битумның сапасын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы растады

«CASPIBITUM» БК» ЖШС түрлендірілген битумға «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» 014/2011 КО ТР бойынша ұлттық сәйкестік сертификатын және сәйкестік туралы декларацияны ерікті негізде алды. Полимер-түрлендірілген битумның үлгілері өнімнің сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштерінің талаптары бойынша «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ-ның аккредиттелген зертханаларында және «Ұлттық сараптау орталығының» өңірлік зертханаларында зертханалық сынақтардан өтті. Сапалық сипаттамалар ҚР СТ 2534-2014 «Битум және битумдық тұтқырғыштар. Түрлендірілген мұнайлы, жол битумдары» жаңа ұлттық стандарт бойынша айқындалды. Өнімнің сапалық сипаттамаларына осы стандартпен қойылған талаптар тиісті шетелдік стандарттардың талаптарынан еш кем емес. Осылайша, «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының полимер-түрленд…

0
0
639

Судья әдебі кодексі — жауапкершілікті арттыратын жаңашыл жоба

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл ширек ғасыр толады. Әрине, бұл адам баласының ғұмырымен есептегенде әжептәуір уақыт болғанымен, тарихи жылнама өлшемімен алып қарасақ, аса ұзақ мерзім емес. Десек те, «Елге бай құт емес, би құт», «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деп философиялық ой түйген бабалар сөзінің бүгінгінің билеріне берер тәрбиелік мәні мен тағылымы ерекше деп ойлаймын. Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың нәтижесі өз жемісін берді деп айтуға толық негіз бар. Адамдардың әділ сот төрелігіне деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді. Сот билігінің бұрынғы бес сатыдан қазіргі үш сатыға ауысуы да қарапайым жұрт үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы оң өзгерістер деп айтуға болады. Өзінің құқығы бұзылды деп…

0
0
847