КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы былай болған
БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН
Бүгін ұлық күн. Өйткені қазақтың қасіретіне айналған Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тарихқа үңілсек сынақ алаңының зардаптары туралы бірнеше ақпарат бар. Төменде мынадай ақпаратты ғаламтордан көзім шалды. Сізге де пайдасы болар оқып көріңіз. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құраған екен. Олардың 116-сы ашық болыпты, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалған. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болған. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратыпты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атаған. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы болыпты.
