Мазмұнға өту

Жаңа

Сіз білесіз бе? 100 адамның бағын бір Генаға берген ғой.

 

Гена егіздердің сыңары екен. Спорттан әжептеуір хабарым болса да, осы жаңалықты жақында ғана естідім. Сыңары өзімен бірге жүреді екен, яғни промоутерлерінің бірі. Айтайын дегенім ол емес. Алып анадан туады дей ме?! Әдетте егіздер әлжуаздау келетін еді. Ал Гена болса әлемді мойындатқан күшті атанды, қазір оған тең келетін боксшы болмай тұр. Кеше ғана өз мәнсәбімда өзіме қарсы келетін боксшы таппай қиналдым депті батыр жігіт. 100 адамның бағын бір Генаға берген ғой.

0
0
257

Спорт дегеніміз шоу ғой

Спорт спорт спорт. Головкиннің жекпе-жегі туралы неге ақпарат аз. Белгілісі қазақстан және қазспорт арналарынан көрсетіледі, 17 қыркүйек күні. Қарсыласы туралы да мардымды ештеңе таппадым. Бір белгілісі Гена отандасымыз  бұл бокста да жеңіске жетеді)))))) Спорт дегеніміз кішігірім шоу ғой, 10 қыркүйек күні тамашалаймыз сол шоуды.

0
0
453

Қаншалықты рас?!

Қаншалықты рас?!

Тағы сол семей полигоны туралы арнайы шығарылымнан естігенім. Елдің  қысымымен Семей полигонында  1989 жылға деп жоспарланып қойған 10 шақты жарылыс тоқтатылыпты.  Яғни  тұңғыш рет Кеңес билігі ядролық қаруды сынауға шектеу жасаған. Бұл Невада Семей қозғалысының жетістігі екен. «Невада-Семей» қозғалысы Жапония, Франция, Америка азаматтарын  бір ұйымға жинай алды.Ал осы қозғалыс  әлемдік маңызға ие болуы үшін оның вице-президенті Мұрат Әуезов Американың батысынан шығысына дейін аралап шыққан екен.  Невададағы сынақ алаңдарын көріп,  Бернард Лаун сынды үлкен адамдармен кездесіп ядролық сынақтарды тыюдың жолдарын талқылаған.  Бұл қозғалыстың жұмысын бәсеңдетпей, одан әрі жандандыра беру керек екен деген ойға келдім.

0
0
256

«Ақ орамал» акциясы Павлодар қаласында өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған  «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолдай отырып, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әйелдер қауымы бейбітшілік үшін, саналылық және сұхбат үшін, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту үшін осындай бастама көтерді.

Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы  терең.

Ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі.

«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың  жанжалды тоқтатуына себеп болған.

Іс-шараға қатысушы барлық әйелдердің сөзінде, ол депутат не жас ана, журналист немесе басшы болса да, барлығының ойы бір: біз балаларымыздың, немерелеріміздің болашағын ойлауымыз керек, сондықтан, өткеннің қателігін болдырмау үшін, бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау үшін біз күшімізді, көп ұлтты елдің және бүкіл әлемнің миллиондаған адамдарының күшін біріктіруіміз керек.

Акция қатысушыларының аспанға ұшырған ақ шарлары барлық жиналған әйелдердің тілегі мен үмітін білдірген символы болды.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы аналар кеңестерінің өкілдеріне – адамның ойы пәктігінің, аналық пен адамзат негізінің белгісі ретінде ақ орамал табыс етті.  Қалалар мен аудандарда елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландырып  «Ақ орамал» акциясын өткізуді қолға алу керек.

29 тамыз "Ақ орамал" республикалық акциясына Павлодар облысы "Жастар бастамаларын дамыту орталығының" қызметкерлері де ат салысты.

 
0
0
524

Департамент «Мектепке жол» акциясына өз үлесін қосты

Елбасының бастамашылдығымен қолға алынған «Мектепке жол» акция бүгінгі күні республика көлемінде жүргізіліп жатыр. Бұл акция алдымен әлеуметтік бағдары бар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мектеп жасындағы бабаларын жаңа оқу жылына дайындауда көмек көрсету мақсатында жасалған.

2016 жылдың 29 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин Орал қалалық №41 мектеп-лицеймі мен №10 мектеп оқушысын жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу құралдарын алуға көмек берді.

Оқушыларға арналған өзінің құттықтау сөзінде Департамент басшысы біздің еліміз байтақ, берекелі де тату халық. Біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы, бірақ Қазақстанның ең үлкен байлығы ол – Сіздерсіздер, деп атап өтті.

Өз кезегінде, ата-аналар Департамент басшылығына өз алғыстарын білдіріп, бұндай адамгершілік қасиеттер өсіп келе жатырған жас ұрпаққа үлгі болатындығын айтып өтті.

 
0
0
397

Подрушкамның әңгімесі)))

"Егер мен оған тұрмысқа шықсам, таң атпай тұрып, жүрек пішіндес етіп жұмыртқа пісіретін едім. Сарысын шала пісіремін. Жұмырытқалар аппақ, төртбұрышты тарелкелерде тұрады. Узор-музор деген болмайды. Ондай қазақылықты ұнатпаймын. Слишком, қазақы болып кетеді. Ауылдан келген мамбеткалар құсап. Жарайды, басқа әңгіме айтып кетіппін ғой. Сосын Nescafe кофесін қою етіп демдеймін. Сергек жүрсе, табыскер болады. Ал менің өмірлік мақсатым - оның табыскер болуы.
Мен:

-Жаным, сенің жігітің бар ме еді? Қашан тұрмысқа шығайын деп жатырсың? Ол кім? Мен танимын ба? десем.

- Ойбай, сен түгіл бар қазақ таниды. Әділбек қо. Әділбек Ниязымбетов ше... Боксер. Бірінші танысып алайық! Сосын тұрмысқа шығамын. Өзім пысықпын ғой. Оны сындыру маған түк емес. Тура маған керек тип.

- Ол жақында үйленейін деп жатыр. Оның қызы бар. Қызына обал ғой. Олай жасама!- деп едім,орнынан тұрып кетіп қалды. Ренжіп қалды ғой деймін. Ай, Зарина.

P.S.: Әділбектің боксын мен де тамашаладым.Ұйықтап қалмайын деп, Заринаның айтқан Nescafe кофесін қою етіп тұрып ішіп алдым. Ақыры бокс та басталды. Жанымызды шүберекке түйіп отырып, отбасымызбен тамашаладық. Оғланымыздың өнеріне ризамыз. Әділбек секілді біз де соңғы сәтке дейін Әділбектің қолын көтерсе екен бар білетін дұғамызды айтып, тіледік. Бұйырғаны - күміс екен. Не болса да, біз үшін алтынға бергісіз күміс. Ол - нағыз чемпион. Алға, алтын бала. Қазақстанның туы бір шетте тұрғанда, көзіме жас келді дейді біздің чемпион. Көк туымызды екі мәрте желбіреткен чемпионға біз тек қана ризамыз. Біз сенімен мақтанамыз, Әділбек!

 
2
1
923

Акцию мира «Ақ орамал» провели в Павлодаре

В Павлодаре в честь 25-летия закрытия Семипалатинского испытательного полигона Лига женщин-мусульманок Павлодарской области продолжила Республиканскую акцию под названием «Ақ орамал», что в переводе с казахского означает белый платок.

Представительницы прекрасной половины Прииртышья, надев на голову белый платок как символ мира и чистоты, добра и согласия, организовали встречу около Дома Дружбы, а после девушки, женщины разных возрастов и национальностей в белоснежных платках направились к парку Победы. Поддержали акцию «Ақ орамал» и сотрудницы Центра развития молодежных инициатив.

На больших воздушных шарах, словно белый голубь, был запущен плакат, на котором на трех языках были написаны слова, посвященные матерям и миру во всем мире.

К слову, 29 августа -  Международный день действий против ядерных испытаний, утвержден резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН 2 декабря 2009 года. Проект резолюции по этому вопросу был предложен Казахстаном. Соавторами резолюции стали 26 государств, в том числе Армения, Беларусь, Таджикистан и Туркмения.

Именно 29 августа 1991 года указом президента Казахстана Нурсултана Назарбаева был официально закрыт Семипалатинский испытательный полигон, что послужило началом процесса отказа страны от одного из крупнейших в мире арсеналов ядерного оружия.

0
0
727

Даунятам вход воспрещен, терпимость на нөль

Я недавно стал свидетелем очень интересной ситуации.

13:00 часов, суббота. Я сижу в кафетерии, количество официантов намного меньше количества посетителей. Кругом суета, светит солнце - а я самозабвенно читаю книгу, пока жду подругу.

В кафе заходит пара - женщина лет 50 и девочка, как мне показалось с отставанием в развитии.

Они долго мечутся, чтобы выбрать место, так как девочка вечно тянется в противоположную от столика сторону.

Наконец они садятся за стол возле моего. Женщина славянской национальности, очень миловидная. Напомнила мне мою няну, которая присматривала за мной, когда я был еще 5-летним. Знаете, такие доброй души женщины, которые невольно создают тепло и уют вокруг людей, с которыми они общаются. Простые, душевные люди.

Эта женщина бережно вытирала капающую слюну со рта девочки.

Девочка, которую как я понял звали Даша, была немного возбуждена.

Она стучала по столу, пыталась что-то сказать, но это больше было похоже на невнятное мычание. А женщина, ласково разговаривала с ней, невзирая на поведение Даши.

Моя официантка принесла мне мой заказ. Женщина за соседним столиком слегка вытянула руку вверх, и вежливо окликнула официантку.

- Извините, девушка, можно меню?

Официантка кивнула и вернулась внутрь кафе, мы сидели снаружи, если что.

Им принесли меню, вроде все было нормально.

Они заказали суп и чай. Официантка как можно быстрее шла на отвальную после того как принесла им заказ, было видно, что ей было неприятно. Ну как неприятно - ей было мерзко.

И она не старалась этого скрыть, поверьте - выражения ее лица были бесподобны.

Даша начала буянить. Она выбросила ложку с супом, которая в последствии попала в меня.

Женщина сразу же начала передо мной извиняться. По ней было видно, что это не первый раз, и люди, судя по ее реакции, зачастую скандалили с ней из-за ее чада.

- Ничего страшного, не переживайте. Я вытер стол, и поднял ложку с пола.

Прибежала официантка. Начала спрашивать все ли в порядке, я спокойно ответил, что проблем нет. И когда вроде ситуация была исчерпана, эта девушка разворачивается к Даше и ее сопровождающей и говорит:

- Вы не могли бы уйти ?

- Простите, пожалуйста, мы больше не будем буянить, извините.

- Извините, вам нужно уйти.

Затем официантка ушла и вернулась уже с менеджером, который в весьма грубой форме выгонял бедную женщину с дауненком, которые ничего никому не сделали.

Они ушли. Женщина уводила Дашу, а сама утирала слезы.

А в диалоге между двумя официантками пролетела такая фраза: "надо аборты делать, нахер отсталых рожать".

Короче высокий менталитет и терпимость к людям, страдающим серьезными заболеваниями - это все так же остается легендами "европейских народов" для нашей страны. Даже простая человечность превратилась в миф.

Вот вам и прогресс.

Браво.

 

«Ақ орамал» акциясы Мақтаралда

Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV самитте жарияланған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесі мен ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен бүгін «Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің бастауы» атты тақырыпта акция өтті.

Мақтарал ауданының халқын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе т.б. ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру – іс-шараның басты мақсаты болды. Дәл осы акцияның негізінде дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – «татуластыру» салты алынған. Мәселен, әйел ананың басындағы ақ орамалын шешіп жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.


   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
680

«Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

 
0
0
496