Бүгін Семей полигонындағы сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ!
Бүгін Семей полигонындағы сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің толымды табыстарының бірі болған Семей полигонының жабылуы бүкіл әлемде үлкен қозғалыс тудырғанын білеміз. Одан кейін Қытайда, Франция да және Америка Құрама штаттарындағы осындай ядролық қарудың сынақ алаңдары жабылды. Семей полигонын жабу туралы шешмнің үлкен халықаралық маңызы бар. Себебі, бұл қырғи-қабақ соғыс саясаты мысалы екі жүйенің, әлемдік мына Америка Құрама штаты бастаған НАТО сияқты блогтар мен Кеңес Варшава елдері кірген Кеңес Одағы басқарған осы социалистік жүйе екеуінің арасындағы тайталас осы атом қаруын әрі қарай жетілдіруге жанталаса қарулануға жол ашқан болатын. Ал, енді мына Семей полигонының жабылуы халықаралық қатынастар да жаңа кезеңнің басталғанын соны паш етті. Себебі, халықаралық қатынастарда ядролық қаруды пайдаланбау, оған тежеу қою сияқты мәселелерге осы біздің Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы үлкен әсер етті.
