«Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» тақырыбындағы халықаралық конференция
А.ж. 23 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.
Іс-шараны Департамент басшысы Қуаныш Жапақов ашып, жиналғандарды алдағы Конституция күнімен құттықтап, конференцияға қатысушыларға жемісті еңбек және шығармашылық тілектерін білдірді.
Пленарлық отырыста 4 баяндама тыңдалды. Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова, Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Әкімова, Ульяновск облысының Губернаторы әкімшілігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет пен кадр мәселелері жөніндегі заңнаманы сақтау департаментінің бас кеңесшісі, Ульяновск облысының 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі – Павел Антонов, «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ президенті – Диана Серғазина қатысты.
Аталған іс-шараға өңірлік департаменттер мен инспекциялардың басшылары мен өкілдері, облыстың жергілікті атқарушы органдарының басшылары және өкілдері қатысты.
Тәуелсіз мемлекеттің өсуі мен өркендеуіне қажетті барша маңызды принциптерді мойындап және нығайта отырып, «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» тақырыбындағы халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша жұмысты келесі бағыттар бойынша жандандыру жөнінде ұсыныс берілді:
- отансүйгіш және қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағдарланған жаңа формацияның кадрларын дайындау жұмысын күшейту;
- тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін арттыру, азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетін жандандыру үшін құқықтық нигилизмді еңсеру;
- талантты жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру және тарту;
- РФ Ульянов облысының оң іс- тәжірибесін жинақтау және тәжірибеге енгізу.
Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп, 2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

