күздің салқыны мен қызық пен қиындыққа толы оқу жылы мен жұмыс күндері күтіп тұр
Тәуелсіздікке 25 жыл, конституция күні!!! Қасиетті мерекелер. Ат-заңның абыройына тең келетін ққжат жоқ. Конституция күні дәстүрге сай Конституциялық кеңес мүшелері не Мемлекеттік хатшымен не президентпен кездесіп, жылды қорытындылайды. Биылда солай болатын шығар. Ал қарапайым халыққа кез-келген мерекенің болмағанынан болғаны жақсы. Дым болмағанда бір күн демалып, күш жинайды. Ал ең бастысы меркенің қдірін түсініп, мазмұнын жақсартады. Биыл 30 тамыз сейсенбіге тура келді, яғни апта ортасы. Сондықтан бір-ақ күн демаламыз. Ал әлеуметтік желіде «ура 3 күн демаламыз» деген жалған ақпаратқа сеніп қалып, қаладан алыстап кетпеңіздер. Осы мерекені өткізсек,арғы жағында оқу жылы да келіп қалады. Содан соң ұқақ, күздің салқыны мен қызық пен қиындыққа толы оқу жылы мен жұмыс күндері күтіп тұр. Барлықтарыңызға тек сәттілік тілеймін.
