Мазмұнға өту

Жаңа

Келл Брук көп болса 5-6 раундқа қана шыдайды

Былтыр Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған британдық боксшы Ммартин Мюррей  гена мен Келл Бруктың жекпе-жегіне қарсы пікір білдіріпті. Онда ол Келл үшін бұл жекпе-жек үлкен қадам, ал Гена әу бастан басқа деңгейде деген сыңай танытыпты.Сондай-ақ ол Келл көп болса 5-6 раундқа қана шыдайды,-деген пікрі айтыпты. Несі бар таяқ жеген бала жұдырықтың күшін біледі деуші ма еді.? Не де болса расын айтыпты. Айтпақшы сол Мартиніміз былтыр Монакодағы бокста Генадан 11 раунда жеңілген. Ол Генанығ ең ұзаққа шыдаған қарсыласы деген айдарлы атақ тақты.

0
0
300

Форбстің тізіміне ілінген спортшылардың қай -қай қайсысы да осал емес

Forbes журналының сайтыкоммерциялық тұрғыда ең табысты pound-for-pound боксшылардың рейтингін түзіпті. Спискідегі бірінші орында Сауль Альвареске бұйырыпты. Біздің Геннадий екінші орында. Гена бұған дейін үшінші орында еді. Ал үшінші орында Тайсон Фьюри (Майк Тайсон деп ойлап қалмаңыз.) мен Владимир Кличко. Дегенмен Геннадий Головкин алдағы Келл Брукпен шайқаста жеңіске жетсе, қомақты қаржы  алып бірінші орынға шығады. Ал ол жеңіске жететініне ешкім шүбә келтіріп жатқан жоқ. Бұл бокс алдағы аптада өтеді, оны Қазспорт пен Қазақстан телеарнасы көрсетеді. Форбстің тізіміне ілінген спортшылардың қай қай қайсысы да осал емес, бірақ Гена бір төбе!

4. Андре Уорд
5. Сергей Ковалев
6. Деонтей Уайлдер
7. Кит Турман
8. Теренс Кроуфорд
9. Эррол Спенс
10. Флойд Мейвезер. 

0
0
386

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогына арналған республикалық Тоғызқұмалақ турнирі өтті

А.ж. 31 тамызда Щучинск қаласында ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогына арналған Тоғызқұмалақ турнирінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Турнирге ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы,  «Ақмола облысының тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ президенті Қ. Жапақов қатысты.

Турнир Қазақста Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы мен Ақмола облысы Тоғызқұмалақ Федерациясының бастамашылығымен, Ақмола облысы əкімдігінің демеушілік көрсетуімен ұйымдастырылды және а.ж. 26 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін өтті.

Іс-шараға Астана қаласыныан және Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарынан 10 команда қатысты.

Турнир нәтижелері бойынша жеңімпаздар бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталды.

Қ. Жапақов сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға сәттілік және халықаралық деңгейлердегі сайыстарда жеңіс тіледі.

Қазіргі таңда спорттың ұлттық түрлеріне еркше назар аударылатынын атап өткен жөн. Жыл сайын облыстық және республикалық деңгейлердегі турнирлер өткізіліп отырады.

Департамент госслужбы

0
0
891

Астанада 900-ден артық ақылы тұрақ орны жасалады

Елорда әкімдігі көлік жүйесінің сапасын жақсартуға бағыталған «Астана қаласының ұрақ кеңістігін басқару» жобасын қолға алды. Озық технологиялар алдымен Нұржол желегінде пайдаланылады. Әңгіме аумақты шлагбауммен жабу туралы емес. Бұл Қазақстанда енгізіліп жатқан мүлдем жаңа технология, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Сынақ жұмыстары барысында Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. Әрбір тұрақ орны арнайы жол белгісімен және тетіктермен жабдықталады. Аумаққа кірген кезде жүргізушілер электронды таблодан бос тұрақ орындары туралы мәліметті көреді. Көліктік бақылау қызметінің өкілдері көлік қою ережесін бұзу жағдайларын автоматтандырылған фото және бейне құралдардың көмегімен тіркейді.

Жүйе сынақтан өткізілгеннен кейін және халықты «Тұрақ кеңістігін басқару» жобасының іске қосылғандығы туралы ресми түрде хабардар етілген соң тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін ақы алынатын болады.

Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу.

Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ «квадратын», оң жағалауда - Сарыарқа - Бөгенбай батыр, Республика – Есіл жағалауын қамтиды.

Анықтама: 2015 жылы Price Waterhouse Coopers халықаралық ұйымы Астананың Нұржол желегіндегі көлік айналымын зерттеді. Мониторинг нәтижесінде, жүргізушілердің 80% өз көліктерін жұмыс орындарының жанында орта есеппен 8-9 сағатқа қалдыратыны анықталды. Сондай-ақ, 13-14 сағат бойы машиналар тұрғын үй кешендерінің алдында тұрады және жүргізушілердің 15-20% ғана темір тұлпарларын жабық паркингтерге қоятыны белгілі болды. Яғни, елордалықтардың басым бөлігі күні бойы тұрақта тұрады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
464

А.Мырзахметов Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерін талқылауға арналған селекторлық режимдегі отырыс кезегі Қарағанды облысына келіп жетті, деп хабарлады АШМ.

Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысының мәселелерін талқылаудан басталған болатын. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен агроөнеркәсіптік кешеннің көкейкесті проблемалық мәселелері жинақталып, олардың негізінде арнайы кесте түзілді. Қазіргі таңда сол реттілікке сәйкес бейнеконференциялық байланыс арқылы мүдделі тараптардың қатысуымен әр аймақтың агросаладағы түйткілдері жеке дара қаралуда.

Бұған дейін атап өтілгендей, бұл шаралардың басты мақсаты – мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша өткізілген бас қосуда осы міндеттердің аясында аймақтың күн тәртібіндегі өңірлерді мамандандыру схемасының қолданыстан алынуы, өтінімдерді аудандарға тапсыру, қой мен ешкі етіне сұраныстың аздығы мен оны өткізудің қиындығы, кепілдік және ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту мәселелері талқыға түсті.

Қарағандылықтардың хабарлауынша, «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасы» қолданыстан алынуы керек. Бұл схема ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің нарық сұранысына қажетті дақылдар өндіруіне мүмкіндік бермейді және де 2014 жылдан бері қолданыстағы қағидаға енгізілген өзгерістер ұсақ және орта шаруашылықтарға қолайсыз.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімді аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдеріне тапсыруын міндеттеу бойынша қағидаға өзгеріс енгізген жөн.

Бұл орайда, ҚР АШМ өкілдері мамандандыру схемасына қосымша өлшемдер бойынша нақты ақпараттардың қажеттілігін атай отырып, аталмыш мәселені бірлесіп талқылауды ұйымдастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Ал, шешімді шығару үшін өтінімдерді аудандық ауыл шаруашылық бөлімдерінде қабылдау мәселесі қағидалар редакциясында ескерілетін болды.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыстар тізбегі алдағы уақытта барлық өңірлерді қамтиды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
671

Бүгінгінің өмірі

Бар бала қуанатын мереке келіп жетті. Ол - білім мерекесі. 1-қыркүйек дегенде ең алдымен ойға келетіні "қызыл арай гүл алып келген" шәкірт. Бәріміз де осылай мектеп табалдырығын аттадық. Алғашында "мен мектепке бармаймын" деп, ойын баласы болған соң ба, ала таңның атқанынан қара түннің батқанына дейін қара сирағымыз жалтылдап, күні бойы көмірдей қап-қара болып, далада жүре бергіміз келді. Ойланып қарасам, қазір арада 14 жыл зырлап өтіп кетіпті. Уақыт өте, білім деген сиқырлы әлемнің ішіне еніп кеттік. Үздік оқушы болдық. Мектепті үздік бітірдік. Сол үздік куәлігіміз үздік университетке алып келді. Енді өмірлік жолымыз үздік болсын деген тілек бізде. Бірақ ол кезде көп дүние қазіргіден өзге еді. Қазіргі балаларға қарапқызығасың кейде. Бар дүние қолжетімді. Қолыңды созсаң болғаны, қолыңа өзі келіп түсіп жатқаны. Үлкендер өзінен кейінгілерге көбіне көңілі толмай жатады ғой. Біз өйтетін едік, біз бүйтетін едік деп. "Біз 20 пресс шөп шаптықтың" заманы өтті ендігі. "Күшке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік" дегендей, қазір білімнің заманы. 3 тіл білмесең, ұазір кенде қалатының да рас. Ал қазіргініңбаласына мемлекетіміз жағдай жасап жатыр.  "Балам" дейтін елімізде 3 тұғырлы тіл әбден қолға алынды. Енді мектептеріміз 3 тілде білім алады. 3 тілде сөйлейді. 3 тілде ойлайды. 3 тілде күледі десек те болады. Бұл да бір еліміздің кемел келешегінің кепілі. Біз жастар бақыттымыз. Біз елімізбен бақыттымыз!

3
0
468

Мақтарал ауданының әкімі «Мақтаарал» ФК-ның ойыншыларымен кездесті

Бүгін Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов «Мақтаарал» футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Клубтың хал-ахуалымен танысқан әкім ойыншылармен еркін сұхбат құрып, премьер-лигаға шығу үшін еңбектену қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан бірінші лигасының 2016 жылғы жалпы жарыс кестесі бойынша «Мақтаарал» футбол клубы 4-ші орында тұрақтаған. 3-қыркүйек күні жергілікті клуб өз алаңында бірінші лиганың белді командасы қызылордалық «Қайсар» футбол клубын күтіп алады.

 


(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
644

Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды

Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды.Жаңа 910 орындық мектептің ашылуына облыс әкімі қатысты,деп хабарлады облыс әкімдігі.

Щучье қаласында жаңадан салынған мектептің ашылуына  қатысқан облыс əкімі Сергей  Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.

«Елбасының Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде.  Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана «Балапан» бағдарламасының арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мың бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.

Бүгін тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту аясында жаңа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш», -  деп атап өтті облыс әкімі.

Қазір Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мың  оқушы мен 26,7  мың студент білім алуда. Облыста 36,7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда.  Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр

Жалпы бүгін облыс бойынша 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтсақ, осы күні  Ерейментау, Еңбекшілдер, Целиноград  және Бурабай аудандарында жаңа 4 мектеп салтанатты түрде ашылды.  Сонымен қатар Целиноград ауданындағы Подвиженка елді мекенінде  мемелкеттік жеке серіктестік аясында бастауыш мектепте есігін айқара ашты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
605

Мәскеуде ядролық қаруға қарсы Қазақстанның бастамаларын талқылады

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде «Ядролық қарусыз әлем үшін 25 жыл бойы күрес: Семей сынақ полигонынан бастап, «Әлем. XXI ғасыр» Н.Ә.Назарбаевтың манифесіне дейін» атты тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі елшілігі.

Іс-шараны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ресейлік саяси орталары конференцияға қызығушылықпен қатысты: оған РФ Мемлекеттік Думаның депутаттары, екі серіктес елдің әскери ғылым орталарының, сараптамалы-зерттеу және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, және саясаттанушылар мен белгілі журналистер қатысты. Конференция барысында қатысушылар «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік саласындағы жаңа бастамалары жарияланған 29 тамызда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлемнің құрылуы» атты халықаралық конференциясының нәтижелерімен толық таныстырылды. Онда Елбасы Ядролық қару туралы бәрін қамтитын дүниежүзілік конвенцияны қабылдауды, ядролық қаруға қол жеткізбеу және оны таратпау бойынша қатаң шаралар қолданудың нақты іске асуға келетін тетіктерді қалыптастыруды, және ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық құқықты кодификациялауды ұсынды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында бүгінгі Конференция БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен әр жыл сайын 29 тамызда аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күніне орай әлемде өтіп жатқан іс-шаралар бағдарламасына маңызды үлесі болып табылатынын айтты.

«Ядролық қарусыз әлемді құру мәселесі ядролық сынақтардан жеткілікті зардап шеккен еліміз үшін өте маңызды басымдық болып табылады», - деді Е.Ашықбаев. «Қазақстан Президентінің бастамалары –барлық мемлекеттерге ядролық қарусыз әлемді құрудың тиімді жолын ұсынуда».

Ол, «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ядролық қарусыз әлемді құру адамзаттың 21-ғасырдағы негізгі мақсаты деп белгіленгенін еске салды. Атап айтқанда, бұл – әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстарға қарсы тұру, деп алсақ та болады. Оның пікірінше, манифесте айтылған барлық тұжырымдамалы ережелер осынын алдында Астанада өткен халықаралық конференцияда қабылданған нәтижелі құжатта қолдауын тапты. Астаналық конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы халықаралық бәйгесін жариялауды ұсынды.

«Қазақстан Елбасшысы халықаралық қоғамдастықты ядролықсыз және қақтығыссыз әлемнің құрылуы терең ділдік өзгерілуін, жаңа көпжақты саяси шешімдерді қабылдануын, халықаралық қатынастарда жоғары деңгейдегі сенім болуынын талап ететініне назар аударды. Елбасының жаһандық қарусыздану үдерісін ілгерілету бойынша ұсыныстары кешенді және новаторлық дегеннен басқа, ең алдымен оларға азаппен қол жеткізілді», - деп ескертті Е.Ашықбаев.

Қазақстан Республикасының  Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осадын біраз жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу, Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бойынша шешімдерінің және жаһандық ядролық қарусыздандыру саласындағы негізгі бастамаларының тарихи маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
489

АШМ Жамбыл облысына қосымша 5,7 млрд теңге бағыттайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тің проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтың түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қарауды бастаймыз. Бұл шаралардың басты мақсаты – мәселелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аймақтық атқарушы органдар арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Жаңа форматтағы бұл үрдіс Жамбыл облысының мәселелерін талқылаудан басталды.

Бейнебайланыс барысында жамбылдықтар тарапынан біріншікезекті мәселе ретінде мал шаруашылығы саласына субсидияның жетіспеушілігі, тиімділігі айтылды. Олардың хабарлауынша, ағымдағы жылы Жамбыл облысының мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасына қосымша 2,1 млрд. теңге, ал АӨК субъектілеріне инсвестициялық субсидиялау үшін 2,8 млрд. теңге қажет.

Бұған жауап ретінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері экономикалық өсім мен 2016 жылғы жұмыспен қамту ауқымын ұлғайту аясында Министрліктің облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау үшін қосымша 30,2 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу бойынша бюджеттік сұраным әзірлегенін атап өтті. Оның ішінде, Жамбыл өңіріне 5,7 млрд. теңге бөлу қарастырылғаны және де сұранымның Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері тарапынан қолдау тауып отырғандығы айтылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
455