Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда инфляция 5,4% құрады — ҰЭМ

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) 5,2%, азық-түлік емес тауарларына – 6,1%, ақылы қызметтерге – 4,9%-ға өсті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 31,3%, қантқа – 30,2%, шайға – 22,9%, картопқа – 19,8%, нанға – 15,9%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 12,1%, кондитерлік өнімдерге – 10,7%, салқындатылған сусындарға – 10,2%, макарон өнімдеріне – 9,8%, күнбағыс майына – 9,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,1%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 8,6%, құс етіне – 7,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 20,6%, жұмыртқаға – 13%, шикі сүтке – 8,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 13,9%, оқушылардың ранеці, рюкзагына – 13,3%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 11,1%, жеке қолданатын тауарларға – 9%, тұрмыстық аспаптарға – 8,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 8,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7,7%, автомобильдерге – 6,8%, тоқыма бұйымдарына – 6,6%, киім және аяқ киімге – 5,7%-ды құрады. Дизель отыны 15,9%, баллондағы сұйытылған газ – 13,4%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 7,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 4,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,5%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 30,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 15%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 8,4%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,3%, суық суға – 12,4%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 9,2%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 4,8%, ыстық суға – 4,4%-ға өсті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
510

Премьер-Министр жергілікті полиция қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен министрліктің, ішкі істер департаменттері мен аумақтық жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) басшыларының қатысуымен кеңес өтті.

Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ЖПҚ қызметінің қалыптасу барысы мен оны жетілдіру шараларын баяндады.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұлт жоспарының 30-шы қадамын орындау мақсатында жыл басында құрылған ЖПҚ ішкі істер органдарына қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа нысанына көшуге мүмкіндік жасады.

Аталған қызметтің жергілікті қоғамдастыққа есеп беру міндеттілігі заңмен бекітілді, ал әкімдер жергілікті полиция қызметіне міндеттер қойып, олардың орындалуын бақылау құқығына ие болып отыр. Жергілікті полиция басшылары үнемі мәслихат пен халық алдында есеп береді, сондай-ақ қызмет жұмысының сапасына баға береді, деп хабарлады ресми сайт.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларының халық алдындағы 14,5 мыңға жуық есептік кездесуі өтті, онда миллионға жуық азамат және 7,6 мыңнан астам жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Сонымен қатар, онда ІІО және басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты              11,7 мыңнан астам ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Есептердің нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мұндай тәсіл ЖПҚ жұмысын ұйымдастыруда полицияның жергілікті атқару органдарымен тығыз қатынас орнатуына және аталған қызмет жұмысына екі жақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мұндай жаңғырту шаралары жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) және тұрғындармен серіктестікке негізделген полиция жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар аумақтық ЖПҚ және ішкі істер департаменттері бастықтарының есептері тыңдалды.

Қызметтің І-жартыжылдық қорытындысына талдау жүргізу – полиция жұмысының жеке көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетті. Атап айтқанда, жол-патрульдік полиция жасағы (15,2%-ға) мен учаскелік инспекторлардың  (16,8%-ға) қатысуымен  ашылған  қылмыстардың   көрсеткіштері жақсарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың саны артты (9,4%-ға). Қабылданған шаралардың кешені жол-көлік оқиғаларын (2%-ға), жолда қаза тапқандар санын (10,4%-ға) және жарақат алғандардың санын (1,5%-ға) азайтуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
435

Петропавл әуежайы жыл соңына қарай қайта жаңғыртылады — ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Б.Сейдахметов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласының әуежайында болып, жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады ИДМ.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтановтың қатысуымен бірлескен кеңес өтіп, онда бас мердігер ұйым басшыларының есебі тыңдалды. Айталық, медігерлер жұмысының жақсы жақтары мен кемшіліктері атап көрсетілді. Жолаушылар терминалын қайта жаңғырту бойынша бас мердігер жұмыс кестесінен 10 күнге кешігуде. Бұл жобаны іске асыруда уақыттың тығыздығы мен өңір климатының ерекшеліктері ескерілген күннің өзінде мұндай жағдайға жол берілмеуі қажет.

Іссапардың қорытындысында құрылыс ұйымдарына 2016 жылдың соңына дейін іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша барлық жұмыстарды аяқтау қажеттілігі, сондай-ақ технологиялық жабдықты дайындау, тасымалдау, монтажын бақылау жұмыстары мен өндірістік сынақтарды жүргізу мерзімдерін ескере отырып,  керек материалдарды жеткізу кестесін түзету қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жасанды жабынын, рульдеу жолын, перронды реконструкциялау  және ҚЖО-1 жарық сигналы жабдығын орнатуға  5.98 млрд.теңге бөлінді.Оның ішінде 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 4,0 млрд. теңге және 2016 жылы Қазақстан Республикасының Бюджетінен 1,98 млрд. теңге қарастырылған. Жобаны 2016 жылдың желтоқсан айының соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Жолаушылар терминалын қайта жаңғырту үшін 2016 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру үшін, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,29 млрд. теңге бөлінді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
505

Н.Назарбаев: Қазақстан толеранттылық жағдайында ғана алдағы мақсаттардың шыңына шыға алады

Қазақстан толеранттылық жағдайында ғана алдағы мақсаттардың шыңына шыға алады, деді Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Халықаралық қарым-атынас жүйесі  қарама-қарсылықтың өсуіне орай болжауға сәйкес болмай қалды. Экономикалық санкциялар, соңына дейін айтпау,  қауіптер мен қатерлер, қаруды бір-бірімен жарыса жіберу әлемге де елдегі тұрақтылыққа да оң әсер бермейді. Бұл әлемдік қауымдастықтың  лаңкестік пен экстремизммен күресуін асқындырып жібереді. Бүгінде барлық елдерге айту  арқылы ғана аталмыш дертті жеңу керектігіне көз жеткізді», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев өткен жаздың оқиғаларын еске алды.  Бірде бір ел лаңкестерден кепілдендірілмеген.

«Бүгінде ел қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері сияқты тікелей лаңкестік қауіпке тап болды. Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған лаңкестік әрекеттер кезінде ұлттық ұланның сарбаздары, құқық қорғаушылар мен ешбір кінәсі жоқ бейбіт адамдар оққа ұшты. Осындай жағдайда мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәселесін күшейтуі керек. Қоғамның тыныштығын бұзғысы келіп отырған кейбір сыртқы және ішкі күштерге тосқауыл қою қажет. Сол себепті бізге құқық қорғау мен заң саласында батыл шешімдер керек. Менің тапсырмаммен экстремизм, терроризм, контрбақылау қызметі, пробация, дактилоскопиялық және геномды тіркеу, сондай-ақ еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге арналған 7 заң Мәжілістің қарауына енгізіліп отыр», - деді Елбасы.

Ұлт көшбасшысы айтып өткендей, бұл мемлекеттің    тығыз әрі  бірге жұмыс істеуін қажет етеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
398

Н.Назарбаев: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек

5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек, деді Елбасы Парламенттің VI шақырылымының ашылу сәтінде.

"Құрметті депутаттар, жаңа сессияның басталуымен құттықтаймын. Жер-жерде сайлаушылармен кездесiп, халықтың хал-ахуалын бiлiп, сөйлесiп, бiрталай жаңа ой-пiкiрлер жинақтаған шығарсыздар деп мен сенемiн. Оның үстiне мүмкiндiгiнше демалып, күш жинадыңыздар. Сондықтан жұмысқа бiрге кiрiсiп, елiмiз үшiн жұмыс iстейiк", - дедi Н.Назарбаев.

Елбасы биылғы сессияның қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын тойлайтын кезеңге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi.

"Қазiр әлемде аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қиырын шарпып келедi. Мұның бәрi жаһандық әлемнiң ажырамас бөлiгi - Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан бiз заманның сындарлы қатерiне лайықты жауап беру үшiн зор қызметтер атқарып келе жатырмыз", - дедi Мемлекет басшысы.

«Тәуелсіздіктің екінші тоқсанын біздің ел жаңа күшпен қарсы алуы керек.  Біз «Стратегия-2050» мақсаттарына шаршамай бағыт алып келеміз. Бізге ауқымды жұмыс атқару қажет, осы орайда Парламентке  үлкен жауапкершілік артылып отыр. Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету белсенді жалғасуда. Өткен жылы біз әлемге жаңғыртудың бес институционалдық реформасын таныстырдық. Бұл 100 қадамды жүзеге асыруымыз керек. Бірқатар заң қабылдау қажет. Оның ішінде қысқамерзім ішінде қабылдауы керек заңдар бар. Бұл тарихи тапсырманы біздің кәсіби парламент жүзеге асырады деп ойлаймын», - деді Елбасы.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
376

Мемлекеттік органдардың ұжымдарымен кезекті кездесу өтті

А.ж. 30 тамызы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы мәдениет басқармасының (дұдан әрі – Басқарма ) ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың негізгі тетіктері» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу  барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның практикалық қолданысы және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың негізгі бағыттары  талқыланды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға   Ақмола облысының балаларының сыбайлас жемқорлыққа көзқарастары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шараның соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» атты брошюралар таратылды.

Кездесу сындарлы сұхбат-әңгіме түрінде өтті, қатысушылар жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге 15-тен  астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
403

«Бермейміз- алмаймыз!»

2016 жылдың 30 тамызы күні Астраханка ауылының орталық алаңында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында «Бермейміз- алмаймыз!» атты жастар акциясы өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, бұл сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараға Астрахан ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ұйымдардың жас мемлекеттік қызметшілері қатысты, барлығы 21 адам.

Департамент госслужбы

0
0
510

Ақсу құс фабрикасы жыл соңына дейін 1 мың тонна мұздатылған тауық етін шығарады

Павлодар облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жиналыс барысында Екібастұз қаласындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бір айдан кейін жоспарлы жұмыс тәртібіне шығып, ал Ақсу ауылдық аймағындағы «Қызылжар-Құс» тауық фабрикасы жыл соңына дейін бір мың тонна мұздатылған тауық етін шығаратыны мәлім болды.

Ресми деректерге сәйкес 2016 жылы Павлодар облысындағы моноқалаларды дамытуға 83,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті және республикалық бюджеттің қаржысы болса, қалғаны  жергілікті кәсіпорындардың өз қаржысы. Екібастұз және Ақсу қалалары қазақстандық 27 моноқаланың ішінде көш бастап тұрса да, жоспарлы көрсеткіштердің  бәріне бірдей қол жеткізілген жоқ.

«Екібастұз қаласында жылу және электр желілерін жаңғырту жоспары 1,6 пайыз болса, оның тек 1 пайызы ғана, ал Ақсу қаласында орталықтандырылған су жүйесімен қамтудың жоспарлы көрсеткіштері 88 пайыз болса, ол тек 72,2 пайызға ғана орындалған», - деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Мақсат Тұрлыбаев.

2017 жылға белгіленген жылу және электр жүйелерінің тозуын баяулату, негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін ұлғайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету секілді индикаторлардың орындалуы баяу жүріп жатыр.

Кеңейтілген отырыста моноқалалардың басшылары есеп берді. Екібастұз қаласының басшысы Қайрат Нүкенов қаладағы шешімін таппаған күрделі мәселе ретінде «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-ің жұмысын қалыпқа келтіруді айтты.

«Қазіргі кезде «ҚВК» ЖШС өндірісін Қазақстанның даму банкі арқылы лизингтік қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапты», - деді ол.

Акционерлердің арасында өндірісті іске қосу механизмдерін бөлу жұмысы қолға алынды. Яғни, борышкерлермен келіссөздер жүргізу, шоттарды бұғаттаудан шығару, салықтық төлемдерді аудару, жұмысшылардың жалақысы бойынша берешекті өтеу секілді жұмыстар жүріп жатыр. Қыркүйек айының соңына қарай кәсіпорынның жоспарлы жұмыс тәртібіне көшуі көзделіп отыр.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов ауылдық аймақта орналасқан «Қызылжар-Құс» фабрикасында өткен жаңғырту жұмыстарының қорытындысы туралы айтып берді. Жылдың соңына дейін кәсіпорын бір мың тоннаға жуық өнім шығаруды, ал келесі жылы толық қуаттылық деңгейіне шығып, 1 жыл ішінде 8 мың тонна  өнім шығаруды көздеп отыр.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов моноқалаларда экономиканы диверсификациялауға бағытталған шағын және орта бизнес саласындағы жаңа жобалардың қолға алынбай жатқанына алаңдатушылық танытты. Ол моноқалалардың әкімдеріне жылу және электр жүйелерінің тозуын төмендету, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
845

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

А.ж. 29 тамызда ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық еткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында Астарахан ауданының әкімдігінде «Тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы түсіндіру жұмыстары» тақырыбында семинар өттті.

Семинарға  дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Семинар барысында персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Д. Аменова сөз сөйледі.

Талқылау барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын қолдады.

Іс-шараға 25 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
396

Жүргізушілер! Абайлаңыздар: балалар!

Біраз күннен кейін барлық оқу орындардында алғашқы қоңырау соғылады, жолдарда жаяу жүргінші, жолаушы балалар саны бірнеше есе көбейеді.

Әдетте, мектептер мен балабақшалардың қасында шектеу белгілері, «лежачие полицейские», тиісті  жол белгілері тұрады.

Дегенмен де, барлық жүргізушілер балалар мекемелерінің қасынан өткенде аса мұқият және сақ болуы қажет.

http://pravstat.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zhurgizushiler-abaylanyzdar-balalar

0
0
648