Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды
Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды.Жаңа 910 орындық мектептің ашылуына облыс әкімі қатысты,деп хабарлады облыс әкімдігі.
Щучье қаласында жаңадан салынған мектептің ашылуына қатысқан облыс əкімі Сергей Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.
«Елбасының Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана «Балапан» бағдарламасының арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мың бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.
Бүгін тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту аясында жаңа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш», - деп атап өтті облыс әкімі.
Қазір Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мың оқушы мен 26,7 мың студент білім алуда. Облыста 36,7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда. Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр
Жалпы бүгін облыс бойынша 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтсақ, осы күні Ерейментау, Еңбекшілдер, Целиноград және Бурабай аудандарында жаңа 4 мектеп салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар Целиноград ауданындағы Подвиженка елді мекенінде мемелкеттік жеке серіктестік аясында бастауыш мектепте есігін айқара ашты.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
