Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогына арналған республикалық Тоғызқұмалақ турнирі өтті

А.ж. 31 тамызда Щучинск қаласында ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогына арналған Тоғызқұмалақ турнирінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Турнирге ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы,  «Ақмола облысының тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ президенті Қ. Жапақов қатысты.

Турнир Қазақста Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы мен Ақмола облысы Тоғызқұмалақ Федерациясының бастамашылығымен, Ақмола облысы əкімдігінің демеушілік көрсетуімен ұйымдастырылды және а.ж. 26 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін өтті.

Іс-шараға Астана қаласыныан және Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарынан 10 команда қатысты.

Турнир нәтижелері бойынша жеңімпаздар бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталды.

Қ. Жапақов сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға сәттілік және халықаралық деңгейлердегі сайыстарда жеңіс тіледі.

Қазіргі таңда спорттың ұлттық түрлеріне еркше назар аударылатынын атап өткен жөн. Жыл сайын облыстық және республикалық деңгейлердегі турнирлер өткізіліп отырады.

Департамент госслужбы

0
0
803

Осы тақырып бойынша

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының кубогына арналған республикалық Тоғызқұмалақ турнирі өтті - Yvision.kz