Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгінгінің өмірі

Бар бала қуанатын мереке келіп жетті. Ол - білім мерекесі. 1-қыркүйек дегенде ең алдымен ойға келетіні "қызыл арай гүл алып келген" шәкірт. Бәріміз де осылай мектеп табалдырығын аттадық. Алғашында "мен мектепке бармаймын" деп, ойын баласы болған соң ба, ала таңның атқанынан қара түннің батқанына дейін қара сирағымыз жалтылдап, күні бойы көмірдей қап-қара болып, далада жүре бергіміз келді. Ойланып қарасам, қазір арада 14 жыл зырлап өтіп кетіпті. Уақыт өте, білім деген сиқырлы әлемнің ішіне еніп кеттік. Үздік оқушы болдық. Мектепті үздік бітірдік. Сол үздік куәлігіміз үздік университетке алып келді. Енді өмірлік жолымыз үздік болсын деген тілек бізде. Бірақ ол кезде көп дүние қазіргіден өзге еді. Қазіргі балаларға қарапқызығасың кейде. Бар дүние қолжетімді. Қолыңды созсаң болғаны, қолыңа өзі келіп түсіп жатқаны. Үлкендер өзінен кейінгілерге көбіне көңілі толмай жатады ғой. Біз өйтетін едік, біз бүйтетін едік деп. "Біз 20 пресс шөп шаптықтың" заманы өтті ендігі. "Күшке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік" дегендей, қазір білімнің заманы. 3 тіл білмесең, ұазір кенде қалатының да рас. Ал қазіргініңбаласына мемлекетіміз жағдай жасап жатыр.  "Балам" дейтін елімізде 3 тұғырлы тіл әбден қолға алынды. Енді мектептеріміз 3 тілде білім алады. 3 тілде сөйлейді. 3 тілде ойлайды. 3 тілде күледі десек те болады. Бұл да бір еліміздің кемел келешегінің кепілі. Біз жастар бақыттымыз. Біз елімізбен бақыттымыз!

3
0
413

Осы тақырып бойынша

Бүгінгінің өмірі - Yvision.kz