Мақтарал ауданының әкімі «Мақтаарал» ФК-ның ойыншыларымен кездесті

Бүгін Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов «Мақтаарал» футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Клубтың хал-ахуалымен танысқан әкім ойыншылармен еркін сұхбат құрып, премьер-лигаға шығу үшін еңбектену қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан бірінші лигасының 2016 жылғы жалпы жарыс кестесі бойынша «Мақтаарал» футбол клубы 4-ші орында тұрақтаған. 3-қыркүйек күні жергілікті клуб өз алаңында бірінші лиганың белді командасы қызылордалық «Қайсар» футбол клубын күтіп алады.









(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
