Мазмұнға өту

Жаңа

Шахмат-дойбы турнирі

2016 жылдың 27 тамызында  №2 Астрахан орта мектебінде «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонны аясында Астрахан ауданы тұрғындарының арасында  шахмат-дойбы  сайысы өтті.

Турнирге қатысушылар ойынға қызығушылық көрсетіп, белсенді түрде қатысты.

Сайысқа ауданның Жалтыр, Новочеркасск, Николаевка, Астрахан ауылдық округтерінің тұрғындары қатысты.

Турнирдің қорытындылары  бойынша грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.

Департамент госслужбы

0
0
979

Қоғамдық қабылдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде

Қоғамдық бақылау институтын енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес, сонымен қатар, қоғам мүшелерінің де нақты жауапкершілігін білдіреді. Осыған орай, а.ж. 24 тамызда «Қоғамдық бақылау» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында орналасқан «Қоғамдық қабылдау» өз жұмысын бастады. Бұл жобаны Ақмола облысында жүзеге асыруды қолға алған конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып анықталған «Жас Отан» корпоративтік қоры. Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу…

0
0
1644

Н.Назарбаев: Ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керек

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керектігін айтты. «Бүгінде ел қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері сияқты тікелей лаңкестік қауіпке тап болды. Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған лаңкестік әрекеттер кезінде ұлттық ұланның сарбаздары, құқық қорғаушылар мен ешбір кінәсі жоқ бейбіт адамдар оққа ұшты. Осындай жағдайда мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәселесін күшейтуі керек», - деді Елбасы. Елбасы айтып өткендей, қоғамның тыныштығын бұзғысы келіп отырған кейбір сыртқы және ішкі күштерге тосқауыл қою қажет. «Сол себепті бізге құқық қорғау мен заң саласында батыл шешімдер керек. Менің тапсырмаммен экстремизм, терроризм, контрбақылау…

0
0
1016

Кейбір жұлдыздарға Гена кеше тамаша үлгі көрсетті

Ештен кеш жақсы! Геннадий Головкин жерлестерін Конституция күнімен құттықтапты. Инстаграмдағы  Генаның жеке парақшасындағы құттықтауды кеш көрдім. "Барша қазақстандықтарды ең маңызды Ұлттық мерекелердің бірі Конституция күнімен құттықтаймын, табыс пен бақ-береке тілеймін, құтты болсын,- депті. Алыстағы Англияда жүрсе де біздің құттықтауды ұмытпайтын, елжандылығына риза болдым. Кейбір жұлдыздар Қазақстанда жүріп, мереке күні болса да инстаграмға ішкен-жеген тамағы мен киімін немесе барған тойын салып отырады. Осындайда халқын құттықтаса несі кетті, тойдағы тамақ ішкенін басқа күндері салар еді ғой деген ой келеді. Осыған ойы жете бермейтін кейбір жұлдыздарға Гена кеше тамаша үлгі көрсетті.

1
0
260

Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!

Отандық белді кәсіпкер, Райымбек Ботлерс  сусындарын шығаратын кәсіпкер Райымбек Баталов Генаның қолғабын аукционнан 8 миллион теңгеге сатып алыпты. Бұл  дегеніміз Қосшыдағы немесе Алматыдағы «Асыл Арман» қалашығындағы жақсы бір бөлмелі пәтер. Аз ба көп пе, әркім өзі біледі? Райымбек үшін қолғап, біз үшін пәтер. Айтқым келгені кез келген кәсіпкер тиын санап бай болады. Яғни 8             миллионды жайдан-жай беріп отырған жоқ. Өйткені Гена әлемдік деңгейдегі тұлға,жұлдыз. Сондықтан да оның қолғабы шын мәнісінде құнды жәдігер. Оны ертең кәсіпкер жеке көрмесінде сақтайды және ол жылдар өткен сайын тек құнды бола түседі. Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!

1
0
481

Бұл Генаның биылдыққа екінші жекпе-жегі

Бұл Генаның биылдыққа екінші жекпе-жегі. Бұған дейін Геннадий Головкин көктемде,  24 сәуір күні  американдық боксшы Домиником Уэйд есімді боксшыны аямай сабап, 2 раундта нокаутқа жіберген борлатын. Осылайша Гена WBA  нұсқасы бойынша әлем чемпионы деген атақты 16-шы рет дәлелдеп шықты.  Айтпақшы бұл жекпе-жек Генананың спорттық өмірдегі ең үздік боксы болды деп бағаланған. АҚШ-та ұлттық батыр Майкл Фельпс болса,бізде Гена! Енді санаулы күнде Гена жерлесіміз тағы бір жекпе-жек өткізеді. Бұл жолы ағылшындықты аямай соққыға жығады деп сенеміз. Спорттық шоуды 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні өтеді. Дайындалыңыздар!

1
0
277

Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім.

Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін аяқ-киім тігіп беріпті. Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім. Кеше бұл ақпаратты GGG инстаграм тобынан оқып қатты қуандым. Айдаладағы Қазақстанның жігітіне американдықтар аяқ-киім тігіпті дегенді кім естіпті. Мықтының аты мықты. Спорт барлығын мойындатады. Енді жерлесіміз осы аяқ-киімді киіп алып, Келл Брукты қуып жүріп ұратын болады. Келл Брук Генаның езгісіне шыдамайды-ау деп топшылап жатыр спорт сарапшылары. Расында да бірінші раундта бітіп қалса не істейміз? Не де болса Қазспорт пен Қазақстан телеарнасынан 10 қыркүйектегі «бойды» күтеміз. Алға Гена!

1
0
481

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

А.ж. 26 тамызда  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов Өңірлік палатаның Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы В. Федоренконың төрағалығымен өткізілген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Күн тәртібінде Ерейментау ауданы кәсіпкерлерінің жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін  жануарларды союға (қайта өңдеуге)  тапсырғаны үшін төленетін өтемақыға қатысты проблемалық мәселе, сондай-ақ, жер учаскесін беру мәселесі талқыланды.

Кеңестің жұмысына Ақмола облысының  қоғамдық бірлестіктері, қалалық әкімдіктің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс соңында  аталған проблемалардың шешімін табу бойынша ұсыныстар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
397

Ядролық қарусыз әлем!

А.ж. 25 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Сыздықов «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Атом» жобасы» - ядролық қарусыз әлем»  форумына қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – ҚР Президентінің бастамасы – «АТОМ» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, Семей полигонындағы сынақтардың зардаптары, радиоэкологиялық зерттеулер, атом өнеркәсібінің экологиялық аспекғтілері туралы туралы ақпарат беру.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің,  ҚР Ұлттық  Ядролық Орталығының радиоэкологиялық қауіпсіздік және эколоргия институтының оқу-ақпараттық орталығының, БҰҰДҰ, БАҚ өкілдері қатысты,

Іс-шараға 110 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
300

Ульянов облысының бас кеңесшісі П.Антонов құқық қолдану тәжірибесімен бөлісті

А.ж. 24 тамызда РФ Ульянов облысы делегатының сапары аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Қызметтік этика – құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы диалог алаңы өтті. Сұхбат алаңының мақсаты – азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметкшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін арттыру және оларға азаматтардың сенімін нығайту. Ульяновск облысының Губернаторы әкімшілігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет пен кадр мәселелері жөніндегі заңнаманы сақтау департаментінің бас кеңесшісі, Ульяновск облысының 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі – Павел Антонов Ульяновск облысының құқық қолдану тәжірибесім…

0
0
337