АШМ Жамбыл облысына қосымша 5,7 млрд теңге бағыттайды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. «Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тің проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтың түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қара…

