Мазмұнға өту

Жаңа

Жүргізушілер! Абайлаңыздар: балалар!

Біраз күннен кейін барлық оқу орындардында алғашқы қоңырау соғылады, жолдарда жаяу жүргінші, жолаушы балалар саны бірнеше есе көбейеді.

Әдетте, мектептер мен балабақшалардың қасында шектеу белгілері, «лежачие полицейские», тиісті  жол белгілері тұрады.

Дегенмен де, барлық жүргізушілер балалар мекемелерінің қасынан өткенде аса мұқият және сақ болуы қажет.

http://pravstat.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zhurgizushiler-abaylanyzdar-balalar

0
0
603

Қандастарына қол көтерме

Көтен бе, Құтан ба? Аса ірі қазақ – қыпшақ тобын Еуропаға бастап апарған, орыс жылнамаларынан, Еуропа хроникаларынан белгілі хан Көтеннің Тәңір сыйлаған есімін осы күнгі зерттеушілер ерсі көріп, біресе Қотан, біресе «құт» деген түбірден шығарып, Құтан деп атап жүр. Үлкен ғалым, бірегей қыпшақтанушы, академик Болат Көмековтың айтуынша қыпшақтардың Дунай жағалауына жеткізген бабамыздың аты - Көтен. Көтен деген сөздің лексикалық мағынасы ол заманда осы күнгі ерсі бірбеткей мағынасынан кеңірек, байырақ, күрделілеу болған - «ұлы, үлкен» деген мағынаны білдірген. «Ұлы сөзде ұят жоқ» дегеннің дөп түскен жері. Қазақ тілің қарабайыр түсініп жүргендер терең, көп мағыналы қазақтың қара сөздерінің заман ағысында мың құбылып құлпыра түсіп, өзгеретінің білмейтіндей. Бірдең еске түсетін «Қара», «Сары» д…

-3
0
2798

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзі

Құрметті Астана экономикалық форумына қатысушылар мен қонақтар! Бүгінгі форумға қатысу үшін баршаларыңыздың уақыт бөліп, біздің елді құрметтеп, қонақжай қазақ жеріне келгендеріңіз үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін! Астана экономикалық форумы сан түрлі мәселелерді талқылап, нақты шешімдерді қарастыратын маңызды шараға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы сияқты жаһандық халықаралық ұйымдар мен Дүниежүзілік Банк, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері – форумның тұрақты қонақтары. Биыл қатысушылар қатарын Халықаралық Валюта Қоры, Боао экономикалық форумы сияқты беделді ұйымдар толықтырды. Сондай-ақ The Economist, Financial Times сияқты әлемге әйгілі экономи…

0
0
424

25 жылда салынған 25 ғимарат

Аллаға шүкір, биыл тұғырлы тәуелсіздігімізге 25 жыл. Жас жігіттің нағыз толысқан шағы. Осы уақыт аралығында еліміз дамып, көркейе түсті. Түрлі ғимараттар салынды. Тіпті, су жаңа қала тұрғызылды. Астанамызды айтам. Қызық, 25 жылда елімізде салынған ең әдемі ғимараттар қайсы? Тізбектеп көрейік: 1. "Бәйтерек" монументі - Астана. 2. "Ханшатыр" сауда орталығы - Астана. 3. "Опера және балет театры - Астана. 4. Астан-АренаАстана. 5. Керуен - Астана. 6.Мега - Астана. 7.Думан - Астана. 8.Ұлттық музей - Астана. 9. Бейбітшілік және Келісім сарайы - Астана. 10 Ақ Орда резиденциясы - Астана. 11.Парламент мәжілісінің ғимараты - Астана. 12.Министрліктер үйі - Астана. 13. Қазақ елі монументі - Астана. 14. Мәңгілік ел қақпасы -Астана. 15. "Атамекен" Қазақстан картасы- Астана. 16. "Тәуелсіздік монументі" -…

4
1
1664

Мақтарал ауданында 6 мектептің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді

1-қыркүйек – Білім күніне орай Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді. Атап айтқанда, Атакент кентінде 300 орындық, Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектепте 300 орындық, Панфилов атындағы мектепте 300 орындық, Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектепте 300 орындық, Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектепте 200 орындық және «Сырдария» жалпы орта мектебінде 200 орындық мектеп ғимараттары пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың…

1
0
514

Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін Астанада Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөз сөйлеуі күтілуде. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген Өкімде. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де…

0
0
409

Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарына 2016 жылдың соңына дейін газ тартылады — әкімдік

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша қазіргі таңда 695 мыңға тарта тұрғыны бар 375 елді мекеннің 101-іне газ жүргізілген. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум аясында инвестициялық қаражат есебінен 5,7 млрд теңгеге Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос естек ауылдарына апаратын және Ырғыз ауданының Ырғыз ауылының ішіне тартылатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбыры салынды. 2014 жылы бюджеттік қаражат есебінен тартылған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына апаратын газ құбырының құрылысы 2016 жылдың шілде айын…

0
0
549

ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері

Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта…

0
0
5117

Елбасының «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзі

Ақорданың ресми сайты «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзін жариялады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөйлеген сөзі Құрметті конференцияға қатысушылар! Ханымдар мен мырзалар! Қонақжай және бейбітсүйгіш Қазақстан жеріне қош келдіңіздер! 29 тамыз – барша адамзат тарихындағы айтулы күн. 25 жыл бұрын, дәл осы күні менің Жарлығыммен жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигоны жабылды. 40 жыл бойы 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалған полигонның үні біржола өшті. Осылайша, халқымыз тәуелсіздік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдайтынын барша әлемге паш етті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік көшін бастаған теңдессіз қадамдарының бастауы бо…

0
0
1293

Конституция тұрақтылық кепілі!

2016 жылдың 29 тамызында Астрахан ауданының орталық мәдениет үйінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Аталған жиналысқа ауданның ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Алғашқы құттықтау сөз аудандық мәслихат хатшысы М. Қ. Қожахметке беріліп, Астрахан ауданы әкімінің атынан құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімімен жалғасты. М.Қожахмет «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ауданда өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты және жиналғандарды іс-шараларға қатысуға шақырды. Аталған салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік конце…

0
0
473