2016 жылдың 1 қыркүйегінде Астраханка ауылының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында минифутбол спорт түрі бойынша сайыс өтті. Аталған сайысқа 4 адамнан тұратын 7 минифутбол топтары қатысты.
Сайыста 1 орынға ие болған «Достар» тобы, 2 орынға ие болған «Шанхай» тобы және 3 орынға ие болған «Шілікті» тобы, солармен қатар сайысқа келесі топтар қатысты: «Борцы», «Жалтыр», «Жалтыр 2» және «Астраханка». Барлық қатысушыларға құнды сыйлықтар, ал жеңімпаз топтарға грамоталар мен медальдар табыс етілді.
Іс-шараға 30 адам қатысты.