Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді

А.ж 1 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері  Қ. Уажанов Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында семинар өткізді.

Кездесу барысында департаменттің өкілі  Қазақстан Қеспубликасының

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының негізгі бағыттары мен түйінді  тұстарын түсіндірді.

Өзінің сөйлеген сөзінде Департамент қызметкері Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға бағытталған тиімді шаралар туралы айтты.

Іс-шара соңында сауалнама жүргізілді.

Семинарға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
397

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді - Yvision.kz