Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу

А.ж. 31 тамызда облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Астраханка ауылында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мобильді тобының мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында жемқорлықтың пайда болуына жол бермеу және ХҚКО қызметкерлерінің құқықтық біліктілік деңгейін көтеру.

Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.П. Мартыновская және Астрахан ауданы бойынша еңбек бойынша мемлекеттік инспекторы А. Омралинов қатысты.

<img src="http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/foto_1_1.jpg"alt="Департамент госслужбы"/>

Департамент госслужбы

0
0
427

Осы тақырып бойынша