Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Президенті G20 саммитінде жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын ұсынды

Мемлекет басшысы G20 саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап өтті.

«Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы жаһандық дамудың бұдан арғы жолы негізінен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың іс-қимылының жүйелілігіне байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген пікір білдірді.

«Ондай құрылымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру арқылы қалыптастыруға болады. Оған Жаһандық экономикалық реттеуші функциялары жүктелуі керек», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта монетарлық, фискалдық саясатты үйлестіру мен құрылымдық реформалар жүргізудің маңыздылығын, алайда ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бұл да жеткіліксіз екенін айтты.

«Дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас бағамын тұрақтандыруға қатысты неғұрлым тиімді ұсыныстар әзірлеу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әлемдік экономиканы жандандыруға бағытталған шара ретінде жаңа индустриялық революцияға, сандық экономика мен инновацияға сенім артуды ұсынды.

«Мен бұл ұстанымды толық қолдаймын. Ол міндетті тек қана инклюзивтілік принциптері арқылы іске асыра аламыз. G20 мен дамушы мемлекеттер арасындағы диалог орталығын анықтап алу керек. Мәселен, Қазақстанда құрылған және барлық қатысушылар үшін ашық G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын бір нұсқа ретінде қарастыруды ұсынамын. Ол 140 мемлекеттің 30 мыңнан астам сарапшысының басын қосып отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен Париж келісімінің және «жасыл экономика» қағидаттарының іске асуына Қазақстанның белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

«2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі осыған қызмет ететін болады. Сонымен қатар, біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрып жатырмыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырамын. Онда БҰҰ-ның қолдауымен тиісті іс-шаралар өткізуге болар еді», – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның осы замандағы мейлінше өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі арқылы жеткізгенін, сондай-ақ манифест идеяларын іске асыру мен ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түрлерінен азат әлем қалыптастыру бастамасы ұйым тарапынан қолдау табады деп үміттенетінін айтты.

«Терроризмді толық жеңу үшін G20-ның барлық мүшелері мен басқа да мүдделі елдердің бірлесе күш жұмылдыруы жақсы бастама болар еді. Бүкіл әлем қоғамдастығы осыны күтеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
404

Қазақстанда инновациялық даму картасын дайындау жоспарланған

Инновацияны дамыту интерактивтік картаның еуропалық технологиясы 2000 жылдан бастап ЕО-да сәтті жүзеге асып келеді, ол кезеңмен Қазақстанда да енгізілмек, уақыт өте келе Қазақстан бұл үрдісті өзі даындап алады. Бұл туралы Еуропалық одақтың зерттеу және инновациялар бойынша "Горизонт-2020" бағдарламасының үйлестірушісі Камила Магзиева «Инновациялық даму үрдісінің еуропалық картасы» халықаралық семинары барысында.

«Дағдарыс кезінде барша әлемнің назары инновацияларға ауып жатыр. Себебі тек инновациялар бізді қиын жағдайдан алып шыға алады. Дегенмен инновация - бүгін инновация, ертең - қалыпты жағдай. Болашақ инновацияны қалай анықтауға болады? 2002 жылы Еуропалық одақ табиғи каучукты алмастыратын баламаны ойлап табуды қолға алды. Себебі каучукқа деген сұраныс күрт артты және 2016-2018 жылдары тапшылық болар еді. Осының арқасында 2008 жылы жаңа жобалар іске қосылды», - деді К. Магзиева.

Осындай тұрғыда Еуропалық инновацияны дамыту диаграммасын Еуропалық одақ барша Еуропаның инновациялық мүмкіндігін айқындау үшін дайындаған болатын.  ЕО-ғы инновация дамуының және болашаққа қойылған жоспарларды жүзеге асырудың негізі болады. ЕО елдерінің инновациялық саясаты мен салыстырмалы сараптамасынан болжам беретін құжат ретінде қолданылады. Ол тараптар арасында туған қызығушылықты байланыстыратын дәнекер көпір ретінде де қызмет атқарады.

2000 жылдардан бастап ЕО-ғы инновацияларды дамытудың интерактивті картасы қолданыла бастады, 2010 жылдан бері Инновациялық одақ қызмет етеді. Аталмыш картаны әрбір шағын кәсіпорыннан бастап, министр, басшыға дейін пайдаланады. Соған қарап, олар соңғы уақыттарда қандай өзгерістер орын алды, қандай да бір өнімнің бағасы болашақта қандай болуы ықтимал деген ақпараттарды бақылай алады.

Өз кезегінде аталмыш тәжірибелік семинар ЕО-ның инновациялық даму бойынша интерактивтік картасын құруға мүмкіндік беруді қарастырады. Семинарға қатысушылар өз елдерінің инновациялық даму картасының диаграммасын құратын болады.  Олар инновация статистикасын қолданады. Семинардың басты мақсаттарының бірі болып еуропалық диаграманы Қазақстанда қолдану бойынша инновациялық даму картасын әзірлеу.

Инновациялық Одақ - инновациялық тұжырымдамалардың бірігуі, мемлекеттік орган мен жеке компаниялар, мекемелер мен өндірістік топтардың, банктер мен бизнес, ғылымдардың ортақ жүйесі болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
505

Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растады

Бразилия Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Астаналық халықаралық көрмесінде Оңтүстік Америка елін бразилиялық «Итайпу Бинасионал» компаниясы Бразилияның Энергетика және тау кең қазу өнеркәсібі министрлігінің координациясы астында ұсынатын болады.

Бразилия энергия шығару бойынша «жасыл» технологияларды белсенді түрде пайдаланатын елдердің қатарына кіреді. Мемлекет жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану мен өндіруде едәуір тәжірибесі бар, Бразилияда тұтынылатын энергияның 45% және отынның 18% жаңғыртылады. Гидро, термоэлектрикалық, күн, жел және ядролық электр станцияларынан тұратын Бразилияның энергетикалық кешені қоршаған ортаны корғау тұрғысынан қауіпсіз. Бразилия биологиялық отынды шығаратын әлемдегі ең заманауи технологиялары бар, мысалға этанолды қант құрағынан өндеу тиімді болып табылады, себебі ол ең арзан және экологияға зиянсыз.

Бразилияның тәжірибесі қазбалар көздерін пайдаланудан жаңғыртылатын энергия көздеріне  ауысуға тырысып жүрген елдерді қызықтыруда.

Жақын арада  күшіне енетін азаматтардың  Өзара визасыз сапары туралы Қазақстан мен Бразилия арасындағы 2016 жылғы 25 шілдеде қол қойылған  Келісім ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және ЭКСПО көрмесіне Латын Американың ең халқы көп елінен келушілерді тартуға ықпал етеді

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
372

Блог маған неге керек?

Сәлем, құрметті менің оқырмандарым! Мен бүгіннен бастап “күнделік” жүргізетін боламын және бұл менің алғашқы блогым. Шыны керек, қатты қуанып отырмын. Себебі мен бұл күнді көп күттім. Ал енді блогты не үшін және неге дәл бүгін ашқаным туралы оқиғамен бөлісейін.

Алдымен өзімді таныстыра кетсем, мен, Абдашова Перизат, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 1-курс студентімін. Мамандығым – журналист. Мен көптеген блогтар оқитытынмын, әсіресе виблогты жақсы көремін. Қазақстандық “kerbezful“,”love typhoon“, шетелдік “maria way”, “sonyaesman“, “kate clapp” т.с.с. Блог ашу бұрыннан ойымда жүрген. Алайда, 11-сынып ҰБТ сынағы, ЖОО тапсыру, шығармашылық емтихан, “балмұздақ” болып жүріп, сәті түспепті. Мен бұл салаға не үшін қызығамын? Блог маған не береді?

Бұл жер – тәуелсіз орта. Жазбаларымды өзім басқарамын, жеке ойларыммен бөлісемін. Әр жазба арқылы, сөздік қорым кеңейе түседі, жазу стильім жөнделеді. Жазу арқылы өз сезімімді суреттеп жеткізе аламын. Әрине, блог әрқашан ізденісті талап етеді. Сіздерге жақсы материал дайындау арқылы, көкжиегімді кеңейтемін. Журналистика мамандығына байланысты емес сала жоқ дейді ғой. Сондықтан, менің жан-жақты болуым, мамандық борышым десе болады. Блогтарым көпшілік аудиторияға арналғандықтан, өзімді мәдени тұрғыдан сөйлеуге, эстетикаға үйретемін. Сол арқылы тұлға ретінде дами аламын.

Мені сән саласы қатты қызықтырады. Саяхаттағанды ұнатамын. Жаңа қызықты ақпараттарды білген ұнайды. Кез-келген адаммен, әр түрлі тақырыпта сөйлесе алатындай болғым келеді. Блогтарым болашақта осы салаларға арналатын болады. 24 сағат бойы қалтафонын жанынан тастамайтын, ғаламторға жиі кіретін мен үшін, блог ашу – жаңа медианың мүмкіндіктерін дұрыс бағытта пайдалану.

Ғаламтор шекарасы жоқ орта болғандықтан, әлемнің түкпір-түкпірінен достар табуға мүмкіндік көп. Сол себептен ағылшын тілінде де қосымша блог жүргізсем деймін. Виблог та жоспарда бар. Оқырмандарымды көбейтіп, олармен кері байланысқа шығу, сұрақтарға жауап беру, жеке брэндімді қалыптастыру – мені қанаттандырады.

Енді ең қызықтысы, блогты не үшін бүгін аштым деген сұраққа жауап берейін. Ыбырай атамыз “Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар” дейді ғой. Осы оқу жылында “жаңа медиа” сабағы басталып, Асхат Еркімбай атты ұстазым блог ашуға тапсырма берді. Нүр үстіне нұр болып, екі қоянды бір оқпен аттым десе болады. Рахмет, Асхат ағай!

Осы жазбаны оқыған болсаңыздар, көп алғыс білдіремін. Менімен бірге болыңыздар. Пікір қалдырыңыздар. Мен үшін әрқайсыңыздың ойларыңыз қымбат!

 
2
4
969

БАҚ үшін ақпарат

Маңғыстау облысының тұрғындары балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер үшін татуласу мен шартты мерзім қолданылмайтын, өмірлік бас бостандығынан айыру, химиялық жолмен піштіру, шет ел азаматтарын депортациялауға дейін жазаны қатаңдату туралы Мемлекет басшысына үндеу жолдады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bak-ushin-akparat-19

0
0
489

Інім Серіктің қазасына

 

 

Шіліңгір мынау шілдеде,

Жаныңды аяз қарыды.

Қапияда бір демде,

Жалп етіп сөнді жарығы.

Балта ағам мен жеңгемнің,

(Көңілім жылап көз құрғақ).

Тәңірге шексіз сенгенмін,

Санамды жатты жұлқылап.



 

Қасірет үні тынымсыз.

Кеудеде жүрек бұлқынад.

Қылатын қайрат кімде бар.

Алладан пәрмен жеткенде.

Бір көруге болып зар,

Қыламыз дұға өткенге.

Алладан, аға тілейік,

Берсін деп иман мүскінге.

Жеткізе гөр деп жетімін,

Мүсірке деп жесірін.



 

Жеңілдет деп жүрек жарасын,

Азайта гөр деп наласын.

Таңда маһшар күнінде,

Кездестір ата анасын.

Дұғаның мынау үстінде.

   

Сүлеймен Баязитов.

 
1
0
574

Солтүстiк Қазақстан облысында үш ауысымды оқыту мәселесi шешiлдi – әкімдік

Солтүстiк Қазақстан облысында бiрден екi мектептiң ашылуы өңiрде үш ауысыммен оқыту мәселесiн толығымен шештi, деп хабарлады СҚО әкімдігі.

Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы және Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының Новоишим селосындағы 300 орынды екi мектеп «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде тұрғызылды.

Төрт жүз орынға арналған Новоишим қазақ орта мектебiнiң ашылу салтанатына өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов қатысты. Облыс әкiмi бүгiнгi айтулы мерекемен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтады.

«Жаңа оқу ғимараты оқушыларын ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында қабылдап отыр. Мен барлық мердiгер ұйымдар мен құрылысшыларға аз уақыт iшiнде осындай мектептi салып бiтiргендерi үшiн алғысымды бiлдiремiн. Бұл мектептiң құрылысын аяқтау аудандағы үш ауысымды оқыту мәселесiн шештi. Жаңа мектептiң оқушылары мен ұстаздарының жетiстiктерi мен жеңiстерi көп болады деп сенемiн», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

Мектептiң ашылу салтанатында Ерiк Сұлтанов әрбiр бiрiншi сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан «Менiң Отаным — Қазақстан» кiтабын сыйлады, сондай-ақ мектеп-интернаттың директоры Сәрсенгүл Сүйесiноваға «Газель» автокөлiгiнiң кiлтiн табыстады. Бүгiн бұл оқу ордасында алғашқы қоңырау бiрiншi рет 35 оқушы үшiн сыңғырласа, даярлық тобында 30 бала оқитын болады.

«Бүгiн бiрiншi сыныпқа немеремдi алып келдiм. 11 жыл бұрын бiз Өзбекстаннан көшiп келдiк. Менiң 10 немерем бар. Бұрын балалар Бескөл ауылына автобус арқылы қатынап оқитын. Алыс болған соң қыста қатты алаңдайтын едiк. Осы сияқты қуанышты күндер көп болсын», — дедi Пердегүл Ибрагимова.

Мектептiң ашылуымен ауылда жаңа жұмыс орындары пайда болды. Мұғалiмдер құрамы 53 адамнан тұрады. Олардың арасында жас мамандар да бар.

«Мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн информатика пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша тәмамдадым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы осы мектепке жұмыс iстеуге келдiм. Маған бұл мектеп ұнады, барлық кабинеттер толық жабдықталып, интернет қосылған», — дедi Сәкен Құсаинов.

СҚО-ның мектептерiнде 72803 оқушы оқиды, олардың 8582-i үшiн бүгiн алғаш рет алғашқы қоңырау соғылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
379

Қазақстанда газ өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде

ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстанның газ өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлады ведомство.

«Жиналыста газ саласындағы барлық маңызды мәселелер және жекелеген мәселелер бойынша тиісінше нақты шешімдер қабылданды.Тауарлық газға баға белгілеу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізілетін болады», - делінген хабарламада.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды сату бағасын долларвалютасынан ұлттық валютаға ауыстыру жөнінде «Теңізшевройл» ЖШС-мен келіссөздерді жалғастырады.

«Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жобасының (Астананы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырынан: «Қараөзек» (Қызылорда) компрессорлық станциясы-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астанамаршруты бойынша) техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу  (мемлекеттік талдаумен қоса алғанда) жұмыстары қайта басталады.

«ҚазТрансГаз» АҚ және «General Electric» компанияларына облыс Әкімдіктерімен бірлесіп  елді мекендерді газдандыру үшін ілеспелі табиғи газдың жаңа технологиясын пайдалану мүмкіндіктерімен кешенді жоспарын әзірлеуді бастайды.

Сонымен қатар Облыс және Алматы қаласының Әкімдіктері және «ҚазТрансГаз» АҚ 2040 жылға дейін газды пайдаланудың нақтыланған болжамын құрады. Ал ҚР мұнай өндіруші компаниялары 2040 жылға дейін бөліп көрсетілген Газдың болжалды теңгерімін есептеп жатыр.

Мұнай өндіруші компаниялардың және жергілікті атқарушы органдардың табиғи газды пайдалану жөніндегі деректері негізінде Энергетика министрлігі 2040 жылға дейінгі Газдың ұзақ мерзімді болжалды теңгерімін әзірлейді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды облысының Әкімдігімен бірлесіп Қарағанды көмір алабының көмір қабаттарының метанын өндіру жобасын іске асыруды жалғастырады.

ҚР Энергетика министрлігіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ бірлесіп ҚХР ресей газын тасымалдау және Қытай халық республикасына  қазақстан газын шығару  мәселелерін  пысықтау жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
492

Н.Назарбаев Өзбекстан Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

«Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, оның халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің бастауында тұрған Ислам Каримовтің есімімен байланысты екенін атап өтті.

«Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады,  әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көңіл айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
645

«Бәйтерек» холдингі қытай және халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары қарсаңында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Бейжің қаласында бүгін бірқатар іскерлік келіссөздер өткізді.

Ерболат Досаев Қытайдың ірі мемлекеттік CITIC Group корпорациясының Президенті Ван Цзюнмен кездесті. Тараптар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және  индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өзектендендірілген бағдарламасы шеңберінде бірлескен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін растады, деп хабарлады «Бәйтерек»  ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Ерболат Досаевтың Қытай Мемлекеттік банкінің вице-президенті Дин Сянгчунмен кездесуінде серіктес Қазақстанның Даму Банкі  («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, тараптар адам  капиталын дамыту маңыздылығын атап өтіп, бірлескен тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру арқылы  тәжірибе алмасуды белсендетуді ұсынды.

Ерболат Досаевтың Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Ди Джей Пандианмен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар энергетика, көлік инфрақұрылымы мен азық-түлікті өңдеу салаларындағы басым инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін ақпаратпен алмасу және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттілігін тілге тиек етті.

«Бәйтерек» холдингінің жаңа құралдарын, оның ішінде корпоративтік кепілдік беруді пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру уағдаластығына Ерболат Досаевтың Қытайдың «Эксимбанк» вице-президенті Юань Синйонгпен кездесуінде қол жеткізілді. Осыдан бұрын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары  қытайлық банкпен бірлесіп, мұнайды өңдеу және металлургия саласындағы ірі индустриялық жобаларды табысты жүзеге асырған болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
246