Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

А.ж.  ж. 1 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша экология департаменті ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.

Семинар барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі жіәне сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шарадан соң сауалнама жүргізілді.

Іс шараға 25 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
445

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы - Yvision.kz